Қазақстандық компания АҚШ санкция тізіміне енді
АҚШ қаржы министрлігінің ресми деректері бойынша әуе, теңіз және автожолдар арқылы жүк тасумен айналысатын Polarstar Logistics компаниясы мен оның Ташкенттегі өкілдігі АҚШ жариялаған санкция тізіміне кірді.
Сондай-ақ, АҚШ оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың түрмеде өлуімен, Ресейдің Украинаға басып кіруіне екі жыл толуына байланысты Ресейге қарсы жаңа санкцияларын жариялады.
Қазақстанда тіркелген Da Group 22 және Elem Group компаниялары, Қырғызстанда тіркелген Ukon компаниясы да АҚШ-тың жаңа санкцияларына ілігіп үлгерген.
Abai.kz