eGov порталы мен сервистері жұмысын уақытша тоқтатады
ҚР электрондық үкіметі бір уақыт белдеуіне көшуге байланысты 29 ақпандағы сағат 22:00-ден 2024 жылғы 01 наурыздағы сағат 02:00-ге дейінгі кезеңде техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлады.
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ жүргізетін басқа да ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік дерекқорлар үшін қысқа мерзімді қолжетімсіздік болуы мүмкін", - делінген Қазақстан республикасының электрондық үкіметінің хабарламасында.
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ сүйемелдейтін жобалар жұмысы уақытша тоқтайды. Олар:
- eGov.kz порталы және оның құрамдас бөліктері;
- egov mobile мобильді қосымшасы;
- "Е-нотариат" бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі;
- "Техникалық бақылау" бірыңғай ақпараттық жүйесі;
- "e-Otinish" электрондық өтініштер қызметі.
Abai.kz