Жұма, 22 Қараша 2024
1364 0 пікір 28 Ақпан, 2024 сағат 15:04

Бас прокуратура: Самат Әбіштің ісі сотта жатыр 

Сурет: Коллаж: Halyq Uni

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш Қазақстаннан кетпеген. Бұл туралы бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев баяндады, - деп хабарлайды Abai.kz Massaget.kz тілшісіне сілтеме жасап.

Бас прокуратура Самат Әбішке қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтап, істі сотқа жіберген болатын.

"Істің сотта қаралып жатқанын білемін. Ол – Қазақстанда. Ешқайда кетпеу жөніндегі қолхат алынған. Қалғанын айта алмаймын. Іс сотта қаралып жатқандықтан оның мәртебесі сотталушы шығар", - деді Бас прокурордың орынбасары Мәжілістің жалпы отырысынан соң.

Сондай-ақ ол қаралып жатқан істе мемлекеттік құпия барын айтып, істің жабық түрде өтіп жатқанын ескертті.

Еске сала кетейік, 2022 жылғы қаңтарға дейін ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған Самат Әбіштің үстінен Қылмыстық кодексі 362-бабы 4-бөлігі бойынша ("Билікті немесе лауазымды өкілеттіктерді асыра пайдалану") қылмыстық іс қозғалған болатын.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320