Бергей Рысқалиев неге ұсталмай жүр?
Мемлекетке 72 млрд теңге зиян келтірген Атырау облысының экс-әкімі Бергей Рысқалиевтің неге ұсталмай жүргені анықталды. Ол туралы Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев айтты.
"Бергей Рысқалиевке сырттай шығарылған сот үкімі бар. Өкінішке қарай, бізде Лондонмен сотталғандарды беру және алмасу туралы келісім жоқ. Біздің құқық қорғау органдары тиісті келісім болмаса, ештеңе істей алмайды", - деді Шындалиев.
Бергей Рысқалиев 2006 жылы Атырау облысының әкімі қызметіне кірісіп, ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, алғашқы күннен-ақ газдандыру, электрлендіру, сумен жабдықтау нысандарын салу, сондай-ақ тұрғын үйлерді салу кезінде ақша ұрлай бастаған. Ғимараттар, көпірлер, ағынды суларды тазарту қондырғылары және т.б. мемлекетке келтірілген жалпы шығын 72 млрд теңге болды.
Abai.kz