Қазақ Ұлттық драма театрында премьера өтті!
27 ақпан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының үлкен залында «Мәңгілік бала бейне» қойылымының премьерасы сахналанды.
Қойылым Семей ядролық полигонындағы сынақтардың зардабын бастан кешіп аман қалған адамдардың өмірі туралы баяндайды.
Спектакльде атомдық тәжірибенің объектісіне айналған Қарауыл ауылындағы өмірдің ащы шындығы, мүгедек қыз Ляйла және оның әлеуметтік ортасы бейнеленеді... Кейіпкер – ауылдың адамгершілік барометрі, нұрлы сәулесі.
Қойылым режиссері Қазақ сахна өнерiн әлемдiк деңгейге көтеріп, мәртебесiн аспандатқан, сахналық шешiмдерiнiң тереңдiгiмен жаңашыл режиссер атанған өнер тарланы Болат Манашұлы Атабаев.
Мұхтар Әуезов атындағы қазақ Ұлттық драма театры 2 наурыз күні сағат 18:30-да «Мәңгілік бала бейне» қойылымының екінші премьерасына барлық театрсүйер қауымды шақырады!
Abai.kz