Жұма, 22 Қараша 2024
1316 2 пікір 28 Ақпан, 2024 сағат 17:10

Діни уағыз айту енді арнайы құжатпен реттеледі

Сурет: muftyat.kz

Бүгін Астанада өткен І республикалық уағызшылар форумында "Уағыз-насихат айтудың әдебі мен мәдениеті" тұғырнамасы қабылданды.

Тұғырнаманың қабылдануына бірнеше себептер түрткі болған. Мәселен, осыған дейін әлеуметтік желілер арқылы қате уағыз айтатын, үндеу жасайтын дін өкілдерінің көбейгенін айтып, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ескерту жасаған болатын.

"Біздің наиб-мүфтилеріміз, уағыз-насихатқа жауапты азаматтар өңірлерге барған кезде қателескен дін қызметкерлері болса, жолығып, насихат жұмыстарын жүргізеді. Әйтпесе, елді, жамағатты шатастыру – күнә. Ал имамдар бірін-бірі әлеуметтік желіде сынағаннан гөрі, қателікті ушықтырудан гөрі, алдын алып отырған дұрыс", – деген болатын бас мүфти.

ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұровтың айтуынша, жаңадан енгізілген тұғырнамада уағыз айтып, жамағатқа адал мен арамды түсіндіріп жүретін имамдарға қажетті ереже-қағидалар қамтылған.

"Бұл құжаттың мақсаты – ҚМДБ-на қарасты мешіттерде уағыз-насихат жұмыстарының бірізділігін қамтамасыз ету, дін қызметкерлеріне дініміздің құндылықтарын дұрыс бағытта дәріптеу үшін бағыт-бағдар беру, уағыз-насихат айтудың методикасына назар аудару және діни уағыз-насихаттың моделін қалыптастыру", – деп атап өтті Батыржан Мансұров.

Abai.kz

 

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5315