Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
3227 13 пікір 29 Ақпан, 2024 сағат 14:44

Ринат Заитов: Қазақстанда әділетті сот жоқ!

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов әйелін өлтірген Қуандық Бишімбаев халықтың пікірін өзгертуге тырысып жатыр, деп хабарлады.

«Қуандық Бишімбаев деген ескі жүйеде жұмыс істеп, қоғамды қалай алдауды керектігін жақсы біледі. Қоғамдық пікірді бұруды өте жақсы меңгерген адам. Қазір кезде қайтыс болған Нүкенова ханымның тарапына жасалып жатқан шабуылдар – сол әулеттің қоғамдық пікірді қалай бұрмалауды жақсы меңгергенінің көрінісі. Олар сонымен қатар желіде Салтанат Нүкенованың ағасы Бишімбаевтың 10 жасар қызын зорламақ болған деген ақпарат таратты. Мұның бәрі манипуляция», - дейді Ринат Зайытов.

Сондай-ақ ол ақпараттық тартыс заманында жәбірленуші тараптың ұтылып жатқандығын да ашық айтып, Қазақстанда әділетті соттың бар екеніне де сенбейтінін жеткізді.

«Біздің сот жүйесі жеке мемлекет секілді жұмыс істейді. Істі ашқысы келсе ашады, жапқысы келсе жабады. Халықтың қатысуымен ашық сот жасау керек дейтіндей, Бишімбаев деген оппозициялық тұлға ма? Халықтың сөзін сөйлеген адам ба? жәбір көрген адам ба», - дейді Ринат Зайытов.

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 925
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2391
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 631
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 609