Сәрсенбі, 13 Қараша 2024
Соғыс 2463 64 пікір 7 Наурыз, 2024 сағат 15:46

Ресей елшісі: Ресей мен НАТО қарулы қақтығыс алдында тұр!

Сурет Википедиядан алынды

Ресей мен НАТО Шығыс Еуропада тікелей қарулы қақтығыс алдында тұр, деп мәлімдеді Ресейдің Вашингтондағы елшісі Анатолий Антонов.

«Шын мәнісінде біз Ресей Қарулы Күштері мен Солтүстік Атлант альянсының Еуропаның шығысында тікелей соқтығысу қаупінің алдында тұрмыз», - делінген дипломаттың мәлімдемесінде.

«Бір кездері Украина даласында американдық және неміс танктері жүреді деп ойлау мүмкін емес еді. Алайда бүгінгі таңда батыстық «Патриот» сияқты қымбат техникалар майдан даласында қолданылуда», - деп атап өтті елші.

Енді НАТО армиясының сарбаздары да жауынгерлік іс-қимылдарға тікелей қатысады. Дипломаттың пікірінше, мұндай сценарий Вашингтонның келісімінсіз мүмкін емес.

Сонымен қатар, Антонов АҚШ билігі Ресейді ГФР әскери қызметкерлерінің келіссөздерін жариялау арқылы НАТО-ны бөлуге тырысты деп айыптап, қоғамдық пікірді манипуляциялағысы келетінін атап өтті.

ГФР-да Бундесвердің «Қырым көпірін бомбалау» жоспарлары туралы даулы ақпарат таратылуының кінәлісінің аты таратылды

Бұған дейін РФ Қорғаныс министрі Сергей Шойгу Ресейдің әскери округтері шекарасының өзгеруі НАТО-ның қаупімен байланысты екенін түсіндірген болатын.

Оның айтуынша, Ленинград және Мәскеу әскери округтері Солтүстік Атлант альянсының шығысқа қарай кеңеюіне және ресейлік шекараға жақын жерде альянстың жаңа әскери инфрақұрылымының құрылуына байланысты құрылған.

Abai.kz

64 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1231
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 2945
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 3286