Жұма, 20 Қыркүйек 2024
Жаңалықтар 762 0 пікір 13 Наурыз, 2024 сағат 15:47

Студенттер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу

Сурет ҚазҰУ сайтынан алынды

Қазіргі уақытта құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп,жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді.

Сондықтан заңды білу – заман талабы.Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу,кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр. Жастар арасында құқық бұзушылық пен қыл­мыс­ты болдырмау, оның ал­дын алу шараларын жүргізу, олардың құқықтық білімін арттыру – жергілікті мем­ле­кеттік органдар мен білім беру ұйымдарының негізгі міндеті. Әрбір адамның өмірде толыққанды тұлға болып қалыптасуында құқықтық тәрбиенің алар орны ерекше. Тәрбиенің сан қырын қарастырсақ та құқықтық тәрбие, құқықтық сауаттылық көш ілгері болмақ. Жеке  тұлғаның  құқықтық  мәдениеті жөнінде әсіресе, мыналарды  баса көрсетуге болады: біріншіден, кез  келген азамат өзінің құқығын, бостандығы мен міндетін анық түсінуі әрі оны бағамдап, парықтай білуі, екіншіден, осыларды мүмкіндігінше,  іс жүзінде,  өз  өмір  тәжірибесінде пайдалана  алуы  тиіс. Құқықтық  мәдениетті қалыптастырып  дамыту –  еліміздің  болашағын айқындаушы  көрсеткіштердің   бірі десек, өскелең   ұрпаққа сапалы құқықтық білім  мен  саналы тәрбие  беру оқытушылар қауымынан білімділікті, құқықтық білімдерін үнемі жетілдіруді,   нормативтік — құқықтық  құжаттармен  үздіксіз танысып, жұмыс барысында  оларды басшылыққа алуда үрдіске айналдыруды, салалық мекемелермен, отбасымен  тығыз ынтымақтастық   қарым – қатынас орнатуды  және  қажырлы еңбекті  қажет етеді.

Қазіргі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — жастар арасындағы  қылмыстың өсуіне жол бермеу. Өрімдей жастардың қылмыс жасауы көз үйренген көрініске айналып, елді елең қылуда. Жыл сайын елімізде жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың 50 %-ға жуығын жастар жасайды. Құқықтық мәдениетті қалыптастырып дамыту – еліміздің болашағын айқындаушы көрсеткіштердің бірі. Университетіміз жас ұрпаққа сапалы біліммен бірге саналы тәрбие беру мәселесін басты назарда ұстайды.Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шаңырағында БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарының 16-мақсаты және  «90 жыл-90 іс-шара аясында студенттермен жан-жақты жұмыстар жүргізіліп, бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылады.Білім алушыларға қылмыс,құқық бұзушылыққа жол бермеу жолдарын қарастырып,дұрыс бағыт-бағдар берудеміз.

Абдыкадыр Улан

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы,конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының оқытушысы

Abai.kz

0 пікір