Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3274 0 пікір 22 Қараша, 2013 сағат 04:28

ДСҰ, Кеден Одағы және бәсеке

Әлемдік немесе аймақтық экономикалық ұйымдардың мақсаты әрі оның принциптері туралы ой бөліскенді жөн көріп отырмын. Кез келген экономикалық ұйымның мақсаты біреу ғана – ортақ нарық жасау.

Оның негізгі үш принциптері бар.
Бірінші, ортақ нарықта капиталдың кедергісіз айналымын қамтамасыз ету.
Екінші, тауарлардың, өнімдердің ортақ нарық шеңберінде шекарадан кедергісіз өту,
Үшінші, еңбек күшінің, яғни адамдардың ортақ нарық аясында азаматтығына қарамастан, еркін жұмысқа орналасу жеңілдігі.
Кез келген мемлекет өз нарығын қорғау мақсатында жоғарыда айтылған үш принциптер негізінде тосқауылдар қояды. Аталған үш принципті мысалдармен жекелей айтып өтсек.
1. Елімізде екінші деңгейлі банктердің пайызы 14% жоғары, ал даму институттарында орташа көрсеткіш 7% құрайды. Батыс елдерінің 3-5 пайыздық қаржы қызметін тұтынатын корпорациялар отандық кәсіпкерлерден бәсекелестігі бір төбе жоғары. Арзан ақшаға қол жетімділік бәсекелестікке қабілетті болудың негізгі көрсеткіштерінің бірі. Мемлекет қазынасынан қаражат алатын даму институттарының үстеме пайыздары неге жоғары екендігі түсініксіз. Себебі олардың негізгі мақсаты пайыз арқылы пайда табу емес, ел экономикасын дамытуға қызмет ету. Сол себепті, бюджеттен бөлінетін қаржы бәсекелестікке төтеп беру үшін жергілікті кәсіпкерлерге барынша төмен, не болмаса пайызсыз әрі ұзақ мерзімге берілуі тиіс.

2. Дамыған елдерде өздері өндіретін тауарлар мен өнімдерді қорғамайды, Олар сол тауар өндіретін компанияларды дамуға ынталандыратын, шетел тауарларынан өз нарығын қорғайтын стандарттарды енгізеді. Еуро Одақта еуро — 1, 2,3,4,5 стандарттар бар. Осы стандарттарға сай келмейтін тауарлар кіргізілмейді. АҚШ-та, Жапонияда өздерінің ұлттық стандарттары бар. Бізде стандарттардың аты барда, заты жоқ. Мәселен, кез келген, адам денсаулығына зиян келтіретін, арзан (Қытай) тауарлары ел нарығына еркін кіре береді. Ол, өз кезегінде отандық тауар өндірушілердің дамуына кері әсерін тигізеді. Ал отандық тауар өндірушіні дамуға ынталандыру үшін және шетелдің арзан әрі сапасы төмен тауарларын ел нарығына кіргізбеу мақсатында ұлттық стандарттарды енгізу қажет. Бізге өзге елдің мүддесін қорғайтын халықаралық стандарттың керегі жоқ. Тек тәжірибесін алу керек. Мысалы, мал шаруашылығында мынадай ұлттық стандарт енгізуге болады. Қазақстан территориясында өсетін: жусан, бетеге, дәрмене т.с.с. өсімдіктермен қоректенген мал еті мен сүт өнімдерінің стандартын енгізу. Аргентина, Австралия, Белоруссия елдерінен келетін сүт пен ет өнімдері болмайды. Не үшін мұндай стандарт енгізілді деп, дау тудыратын көрші елдерге, жусан жеген малдың сүті мен еті қаншалықты адам ағзасына пайдалы екендігін дәлелдей қоямыз. Олардың өнімдерінде дәл осындай қасиеттің жоғын көрсетеміз. Яғни, ұлттық стандарттарға сай еместігін ескертеміз. Ресей де өз нарығын қорғау мақсатында 20 тоннадан асатын жүк тасымалдайтын транспорт түрлерін өз территориясына кіргізбейтін стандарт қабылдамақ. Яғни Кеден Одағы аумағында Қытайдың Howo, Shancman, не болмаса, Немістің Мерседестері жүрмейтін болады. Себебі олардың жүк көтеру,тасу қабілеті 20 тоннадан асып кетеді. Олардың сапалы екендігі назарға алынбайды. Бірақ, бұл Камаз үшін таптырмайтын мүмкіндік. Ал есесіне Еуро Одақ ТМД елдері өндіретін жүк таситын көліктерін кіргізбейді. Себебі олар еуро — 3,4 стандарттарына сай емес.
3. Адам капиталы. Кез келген маман (экспат), дамыған елге барып жұмыс істеуге ниет білдірсе, оған сол елдің тілін білу шарт. Мысалы, Англияға барып жұмысқа орналасу үшін тілдік минимум (IELTS) тест тапсырады. АҚШ-та TOEFL тест тапсырады. Онсыз жұмыс визасы ашылмайды. Ал бізде, экспаттарға тілдік тест былай тұрсын, өзіміз квота ашып береміз, кең халықпыз. Егер дамыған елдер секілді, бізде тілдік тосқауыл қоятын болсақ, онда болашақ бағдарламасымен, не өз бетінше шетелде білім алған талай жастарды жұмыспен қамту мәселесін шешуге болады. Осылайша, жүз мыңдаған гастарбайтерлердің жүгенсіз ағымын тоқтатсақ, жұмыссыздық мәселесі туындамас еді.
Қорыта айтқанда жоғарыдағы принциптерді өз мүддеміз үшін шебер пайдалануды үйрену ауадай қажет, себебі, жиырма бірінші ғасырда шекараны тарс жауып отыра алмайсыз. Одан да, осындай тетіктер мен құралдарды барынша қолдана білсек, біз үшін мейлі ол ДСҰ болсын, Кеден Одағы болсын ұпайымыз түгел, мүмкіндігі мол нарық болары хақ.
Жиырма бірінші ғасыр тауарлар мен өнімдер, не болмаса қызмет түрлерінің бәсекелестік заманы емес, олардың көлемдік әрі сапалық көрсеткіштерін анықтайтын стандарттар бәсекелестігінің заманы.
Арман Байқадам,
«Baikadam Holding» компаниясының
бас директоры

"Экономика" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377