Сенбі, 12 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2150 0 пікір 14 Қыркүйек, 2009 сағат 06:47

Ғалым ҚАЙЫРЖАН. Дүниені сыртынан сату – сырттай ажырасқаннан қиын

Дариға Назарбаева көзімен көзі түйіскен сәтте-ақ ғашық болып, соған тұрмысқа шығатынын бірден біле қойған күйеуінің елімізден қашып кеткенін қайтейік, біздер оның артында шашылып қалған мүлік-мүкәммалын әлі бөліп тауыса алмай жатырмыз. Сол бәлекет өзі ғана қашып қоймай, «ақ болды, көк болды» деп азғырып, Дариға ханшайымды да Австрия болмағанмен, болашақта барып тығылатын тағы бір жерге өзімен бірге ала кетпек ойы бар-ау, деймін.

Қылмысы дәлелденгендіктенде 40 жылға сотталған қанішер Рахаттан қалған қыруар дүниені  мемлекет кәмпескеледі дегенді естімегеннен кейінгі жерде «ҚазМұнайГаз» атты Ұлттық компаниямыз елімізде 630 жанармай құю станциясы бар «Гелиос» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін сатып алуға кірісті. Компания серіктестікті қылмыскерден мемлекеттің ақшасына сатып алғалы отыр. Ал бұған қаның қайнай ма, қайнамай ма?!

Сонда, қалай болғаны, «Манғыстаумұнайгаз» сатылардың алдында акционерлік қоғамның құрамынан Павлодар мұнай өңдеу зауыты мен «Гелиос» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кімнің мүддесі үшін және кімнің меншігіне шығарылып берілген?! Кім шығарып берген?! Ендігі жерде сатуға ұсынып отырған кім? Біздің осынау сұрақтардың жауабын білуге құқымыз бар ма, жоқ па?! Әлде, Рахат тағы бір кітап жазып, талайдың қоясын ақтармасы үшін берер парамызды заңдастырудың соны бір жолы ма бұл? Білетін адамдардың айтуынша, еліміздегі ең үлкен кабинетте шешім қабылданбайынша көк көздің артында қалған дүниені сыртынан сату Дариға үшін бұрынғы күйеуімен сыртынан ажыраса салудан әлдеқайда қиынырақ көрінеді.

(« Бұл не қылған майшелпек?»

«Қазақстан» апталығы. 09. 10. 2009)

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1802
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4605
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3627