Жұма, 22 Қараша 2024
1224 5 пікір 27 Наурыз, 2024 сағат 16:29

Алтай Көлгінов жаңа қызметке тағайындалды

Сурет: Ақорда сайтынан лынды

Астананың экс-әкімі Алтай Көлгінов жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Abai.kz.

- Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды, – делінген Ақорда хабарламасында.

Бұған дейін Эстонияда елші болған Нұрлан Сейтімов лауазымынан босатылды.

​​Алтай Көлгінов 1978 жылы 15 қаңтарда Түркістан облысында дүниеге келген. Х.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын және Абердин университетін (Ұлыбритания) бітірген.

Еңбек жолын 2001 жылы ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығы Кадр жұмысы бөлімінің бас маманы ретінде бастаған. Кейін ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті Құқықтық статистиканы қалыптастыру басқармасының прокуроры болды. 2003-2007 жылдар аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша басқарма бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.

2007-2008 жылдары ҚР Әділет министрлігінің Заңға тәуелді актілер департаментінің Заңға тәуелді актілерді талдау және әзірлеу басқармасының бастығы, кейін «Алаш Медиа Групп» ЖШС бас директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2010 жылы ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы болып тағайындалды.

2012-2013 жылдары – Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 2013-2022 жылдар аралығында Орал қаласының, Батыс Қазақстан облысының және Астана қаласының әкімі болды.

Қазақстанның Эстониядағы елшісі болып тағайындалғанға дейін 2022 жылғы желтоқсаннан 2023 жылғы маусымға дейін Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары қызметін атқарды.

Ағылшын және түрік тілдерін меңгерген.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322