Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3707 0 пікір 28 Қараша, 2013 сағат 02:10

Интернет-конференция: Ермек Нарымбаев (1-жауап)

Өзіндік ұстанымы, өзіндік күрес жолы, өз саяси таңдауы бар, елдегі әртүрлі қоғамдық-саяси, әлеуметтік мәселелерге белсене араласып, бел ортасында жүретін Ермек Нарымбаев қазіргі кезде екінші деңгейлі банктердің халыққа несие берудегі жасырын пайыздарын әшкерелеп, күресіп жүр.

Конференция сұрақтарына жауап алуға барған сәтімізде Нарымбаев пен жұбайы Зоя банкке алданған кезекті бір адаммен әңгімелесіп, құжаттарын қарап жатыр екен. Оқырмандар сауалына жауап беріп болғанша, Ермектің елге көмектесіп жатқанын естіген азаматтар үздіксіз келіп жатты.

Е.Нарымбаев өзіне келіп түскен отыздан астам сауалдың барлығына ашық жауап берді. Жауаптардың алғашқы легін жариялап отырмыз.
Abai.kz

- Ермек мырза, халық үшін істеген ерліктеріңізге мың алғыс! Сіздей нар жігіттері аман болса,қазақ ешқашан қор болмайды. "Халық өкілдерінің" құрылтайы өткелі жатыр. Сіздің ойыңыз ша, нәтиже қандай болады (бұл сұрақ құрылтай қарсаңында қойылғанын ескертеміз.-ред)?

- "Халық өкілдері" құрылтайының өткелі жатқанынан хабардармын. Олардың ісіне араласқан жоқпын. Не істеп, қандай мақсаттар қойып, нендей істерді жүзеге асыруға бел буғандарынан хабарсызбын. Сондықтан, құрылтай нәтижесінің қандай болатынын білмеймін.


Өзіндік ұстанымы, өзіндік күрес жолы, өз саяси таңдауы бар, елдегі әртүрлі қоғамдық-саяси, әлеуметтік мәселелерге белсене араласып, бел ортасында жүретін Ермек Нарымбаев қазіргі кезде екінші деңгейлі банктердің халыққа несие берудегі жасырын пайыздарын әшкерелеп, күресіп жүр.

Конференция сұрақтарына жауап алуға барған сәтімізде Нарымбаев пен жұбайы Зоя банкке алданған кезекті бір адаммен әңгімелесіп, құжаттарын қарап жатыр екен. Оқырмандар сауалына жауап беріп болғанша, Ермектің елге көмектесіп жатқанын естіген азаматтар үздіксіз келіп жатты.

Е.Нарымбаев өзіне келіп түскен отыздан астам сауалдың барлығына ашық жауап берді. Жауаптардың алғашқы легін жариялап отырмыз.
Abai.kz

- Ермек мырза, халық үшін істеген ерліктеріңізге мың алғыс! Сіздей нар жігіттері аман болса,қазақ ешқашан қор болмайды. "Халық өкілдерінің" құрылтайы өткелі жатыр. Сіздің ойыңыз ша, нәтиже қандай болады (бұл сұрақ құрылтай қарсаңында қойылғанын ескертеміз.-ред)?

- "Халық өкілдері" құрылтайының өткелі жатқанынан хабардармын. Олардың ісіне араласқан жоқпын. Не істеп, қандай мақсаттар қойып, нендей істерді жүзеге асыруға бел буғандарынан хабарсызбын. Сондықтан, құрылтай нәтижесінің қандай болатынын білмеймін.

Жалпы, мұндай жобалар көп. Бірақ, ақыр аяғы сиырқұймышықтанып бітіп жатады. Сол үшін де сенімсіздікпен қараймын. Әзірге ұйымдар мен әртүрлі қоғамдық топтардың жұмыстарын қадағалап қана жүрмін. Мені ешқандай саяси партия, қоғамдық ұйым "Ермек, сен бізге керексің" деп шақырып, пікірімді сұраған емес. Нақты ұсыныстармен, жұмыс жасайық деп ешкім келген жоқ.

Содан да болар, түрлі топтардың бір-бірінен қандай айырымашылықтары бар екенін де білмеймін тіпті.

Ал, маған келсек, нақты, халықққа пайдалы жасап жатқан жұмысым бар. "Казком", "Альянс", "Каспий" банктерінің халықты жасырын пайыз арқылы қанап отырғанын әшкерелеу, банктерге кеткен елдің адал ақшасын қайтарып беруге көмектесу.

- «Альянс банктің» алаяқтығын әшкере еттіңіздер. Сол туралы сайттарыңызда жазып, түсіндіріп берсеңіздер екен.

- Қазіргі кезде сайтты жасау мен іске қосу мәселесімен айналысып жатырмын. Сайтқа деректерді, құжаттарды салу, орналастыру қалай жүзеге асатынын әлі нақты білмеймін.

Ал, банкетрдің мәселесіне келсек, мысалы, "Альянс" банк - ауадан ақша жасап отыр. Мәселен, сіз 70 мың доллар несие алдыңыз делік. Сіз негізгі несиелік қарызыңызды төлеп бітірсеңіз де, бәлен жыл бойы банктің қулығымен жүзеге асқан "жыл - пайыз" деген жарнамалық жалған сөзге бүркемелеген үстеме жасырын пайыздар төлейсіз. Осылайша, алған несие сомаңызды толық қайтарып қойсаңыз да, неше жыл бойы банкті тегін асырайсыз. Мен банктің осы жасырын пайызын анықтап, бір жыл бойы соттастым. Сотта нақты дәлел-дәйектер келтірдім. Ақыры, сот "Ермек Нарымбаевтікі дұрыс. Жасырын пайызға төлеген сомасы кері қайтарылсын!" деген шешім шығарды. Сөйтіп, маған банк 3 миллион теңге қайтарды. "Альянс" банк 232 мың адамды осындай қаржылық қитұрқылықпен алдағаны анықталды. Егер, бір отбасында төрт-бес адам бар деп есептесек, алданғандардың саны 1 миллион адамға жетеді.

Жұрттың бәрі қаржылық қулықты қазып, дәлелдеп, соттасып жүре алмайды ғой. Мемлекет неге халықты "Альянс" банкке алдатып қойды? Оның үстіне бұл банк мемлекеттен көмек алды емес пе! Жалпы банктерге халықтан жасырын пайыз арқылы жмқырған ақшаларды қайтарыңдар деп Үкімет елді қорғауы керек қой. Егер, солай болып, банктер тұтыншуыларынан кешірім сұрап, елден ұрлаған ақшаларын мойындап, қарызды өтеуге екі жақты келісімге отырса, халық әділдікке сенер еді. Бірақ, Үкімет үнсіз. Келімбетовке банктердің бұл әрекеті қызық емес. Ақшаны олигархтар қалтасына салып алды. Енді қайтарғысы келмейді.

- Ереке, өзің қазақша ауызекі ғана сөйлей аласың. Ал балаларың Мұқағали, Ерғали, Әсемдер тап-таза қазақ тілінде сөйлейді. Сен балаларыңа қалай үйреттің ана тілін? Үйде қай тілде сөйлесесіңдер?

- Балаларым қазақ мектебінде оқиды. Үйде, балаларымның алдында тілім шорқақ болса да, қазақша сөйлеймін. Әйелім - Зояның тілі таза. Жалпы, ана тілімді толық білмейтіндігіме, шорқақтығыма ұялам, ыңғайсзданамын. Мен мектепті, университетті орысша оқыдым. Үйде де орысша сөйлеп өстім. Сонау солтүстіктен Алматыға келдім. "Алматыға келсем, тез үйреніп кетермін. Өйткені, мұнда бәрі қазақша сөйлейді ғой" деп ойлап келгенмін. Сөйтсем, мұнда да бәрі орысша сөйлейді. (Күлді).

- Ермекті бала кезінен білемін. Жаны таза азамат. Папасы Ерсайын Бариұлы да адал, ақыл парасаты өзіне сай кісі. Анасы қандай жақсы адам. Кезінде балалары Ермектің басына түскен қиыншылықтарды да қайыспай көтерді. Ермек секілді азаматтардың жол ашық болсын. Ермек6 сенің жаман болуға қақың жоқ. Сен Ахмет пен Міржақыптың, Шақшақ Жәнібек елінің азаматысың. Ата-анаң да тамаша кісілер. Торғайлық ағаң.

- Рахмет! Осы жерде диктофонға айтайыншы, жалпы маған қаратыла айтатын жақсы сөздердің барлығына сенемін. Бірақ, адамдар мені мақтай бастаса да бір түрлі қысылып, ыңғайсызданып, ұялып кетемін де, "Болды, болды. Нақты қандай сұрақтар, істер бар. Соны айтыңыздаршы" деймін. Кейде тіпті жалынғандай боламын.

- Сіз темір тордың арғы жағында болып, ол жердегі жағдайды өз көзіңізбен көріп қайттыңыз. Қазақстандағы түрмелердегі жалпы ахуалды қалай бағалайсыз? Түрмеде жатқандар әр түрлі діни топтардың ықпалында деген әңгімелер бар...

- Түрмедегілердің сөзімен айтсақ, қара және қызыл лагерлер бар. Қызыл лагер, шынын айтқанда концлагерге ұқсайды. Мен қара лагерде отырдым. Онда сәл-пәл жүйесіздік, кішкене еркіндік бар. Біздің не істейтініміз - Түрме әкімшілігіне бәрібір. Түрме әкімшілігінің не істейтіні - бізге бәрібір. Ол жақта не жаман, не жақсы дегенге келсек, бір жақсысы - түрмеде төрт-бес мың кітап сақталған үлкен кітапхана болды. Мен соның ішінен 234 кітап таңдап алып, түгел оқып шықтым. Сыртқы әлеммен байланыс мүлдем жоқ. Мысалмен айтсақ, Шаолин монастріне кіріп кеткендей күй кешесің. Бүкіл өміріңді ой елегінен өткізесің: Неге мұнда түстім, неден қателестім, не үшін өмірге келдім, не істедім, не істеуім керек еді, қандай миссиям бар дегендей үлкен сұрақтарға жауап іздейсің. Ұсақ-түйек сауалдар басыңа кіріп те шықпайды. Түрмедегілердің көбі - қарапайым қазақтар. Қылмыстары - ұсақ-түйек ұрлық, бұзақылық.

Жамандығы - түрме қылмыстық топтардың уысында жатыр. Әр барактың, "ШИЗО"-ның, медпунктің үстінен бақылайтын "серкелер" бар. Жалпы түрменің "бақылаушы" "серкелері" өз алдына. Мен түрмеге түскенде жасым қырықтан асып кеткен еді. Көзқарасым тұрақтанған, көзім ашық. Оңай арбауға түспейтін, жайдан жай беріле салмайтын жаста едім. Ал, жиырмадан жаңа асқан балалар түрмеден шыққанда мүлдем басқа адам болып шығады. Өйткені, жаңағы түрме ішіндегі "серкелер" оларды "тәрбиелеп" жібереді.

(Жалғасы бар)
Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5338