Алашқа даңқы шыққан Ер Құнанбай
28 наурыз күні қазақ тарихында елеулі із қалдырған көрнекті тарихи тұлға, би, қоғам қайраткері Құнанбай Өскенбайұлының 220 жылдығына арналған «Алашқа даңқы шыққан Ер Құнанбай» көрмесінің ашылуы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында өтті.
Ұйымдастырылып отырған көрменің негізгі мақсаты тарихи тұлғаның өмір жолы мен заманынан хабар беретін үлкен оқиғаларға ден қоятын отырып Құнанбай тұлғасын таныту.
Көрмеде сексен жылдан астам шежіресі бар Абай музейінің қорындағы Құнанбай Өскенбайұлына қатысты елеулі экспонаттар орын алған.
Бұған қоса мұрағат материалдары мен тарихи деректер, ғылыми еңбектер көпшілік назарына ұсынылды.
Ашылу салтанатына Семей қаласындағы оқу орындарының студенттері мен оқытушылары, зиялы қауым өкілдері және мәдениет мекемелерінің қызметкерлері қатысты.
Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік қорық-музейі
Abai.kz