Қазақстанға Қытайдың 126 мың азаматы келді
ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров 2023 жылдың 10 қарашасынан бастап Қазақстанға Қытайдың 126 мың азаматы келгенін баяндады, деп хабарлайды Abai.kz.
– Қытайлықтар біздің елде қаптайды, бұл біздің қауіпсіздігімізге қауіп төндіреді деген шу мен негатив көп болғанын білесіздер. Ендеше, мен сіздерге статистиканы келтірейін: 2023 жылдың 10 қарашасынан бастап Қазақстанға Қытайдың 126 мың азаматы барса, Қазақстанның 173 мың азаматы Қытайға барған, - деді Айбек Смадияров.
Қазақстан азаматтары Қытайға көбінесе туризм, медицина қызмет алу, оқу мақсатында барады.
– Біз визасыз елдердің тізімін ұлғайтуға тырысамыз. Көпке бұл ұнайды деп үміттенемін, жылдың соңына қарай көре жатарсыздар, - деді ол.
Abai.kz.