Жұма, 20 Қыркүйек 2024
1131 1 пікір 1 Сәуір, 2024 сағат 22:24

Сәуірде ауа райы қандай болады?

Сурет: otkritkis.com

"Қазгидромет" болжамы бойынша сәуір айында Қазақстанның барлық аумағында орташа ауа температура нормадан 1-2° жоғары болады, деп хабарлады Abai.kz.

"Онкүндіктің алғашқы күндерінде республиканың басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді. Солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, елдің орталығында түнде -2-7°С дейін, күндіз +3+8°С дейін, содан кейін 4 сәуірден бастап ауа температурасы түнде 0+5°С, күндіз +12+20°С дейін жоғарылайды. Онкүндіктің соңында температуралық фон түнде -2-7°С дейін, күндіз +5+12°С дейін қайта төмендейді. Сәуір айының басында елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде -5+3°С дейін, күндіз +5+15°С дейін төмендейді, содан кейін түнде +3+10°С дейін, күндіз +13+23°С дейін жоғарылайды. Ал онкүндіктің соңында ауа температурасы түнде -3+5°С дейін, күндіз +7+15°С дейін төмендейді", – деді синоптиктер. 

Қазақстанның батысында ауа температурасының негізгі фоны түнде +2+9°С, күндіз +13+20°С-ты құрайды.

Сәуірдің екінші және үшінші онкүндігінде Иран мен Орта Азия аудандарынан жылы ауа массалары шығып, температуралық фон жоғарылайды:

  • елдің солтүстік, орталық және шығысында түнде +2+10°С дейін, күндіз +15+25°С дейін;
  • оңтүстік өңірлерде және ҚР батысында түнде +7+13°С дейін, күндіз +17 + 27°С дейін жоғарылайды.

Алайда синоптиктер күн қайта суытуы мүмкін екендігін ескертеді.

Abai.kz.

 

1 пікір