Жұма, 20 Қыркүйек 2024
865 2 пікір 2 Сәуір, 2024 сағат 17:59

Астана әуежайына жаңа басшы тағайындалды

Юсуф Рашед Мохаммед Альджавдер

Астана әуежайына басшылық еткен Ерғазы Жолдасов қызметінен босатылды. Әуежайға енді Юсуф Рашед Мохаммед Альджавдер басшылық етеді.

"Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ Басқарма төрағасы болып ҚР Үкіметінің аппаратымен келісім бойынша Юсуф Рашед Мохаммед Альджавдер тағайындалды», деп жарияланған әуежайдың баспасөз қызметінде.

Юсуф Альджавдердің авиация саласында 25 жылдан астам тәжірибесі бар. Түрлі лауазымдарда, соның ішінде "Emirates", "British Airways" әуе компанияларында, Дубай және Абу-Даби халықаралық әуежайларында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

2023 жылдың қараша айында Астана қаласының әуежайы "Terminals Holding" (БАӘ) компаниясының сенімгерлік басқаруына берілді.

2024 жылғы 1 мамырдан бастап Инвестор жеке инвестициялар есебінен 20 жылдан астам уақыт бойы жаңартылмаған ұшу-қону жолағын күрделі жөндеуге кірісуді жоспарлап отыр.

Abai.kz

2 пікір