Астанада медициналық кадр мәселесі қалай шешіліп жатыр?
Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлия Рүстемованың айтуынша, елордада ведомстволық бағынысты мекемелерде дәрігерлік кадрлардың тапшылығы жоқ. Ведомство басшысы жағдай бұрынғыдай күрделі емес деп мәлімдеді. Қазір ведомстволық бағынысты медициналық ұйымдарда 12 мыңға жуық медицина қызметкері жұмыс істейді, оның ішінде 3,5 мың дәрігер бар.
«Қазіргі уақытта 83 дәрігер маманы тапшы. Бұл – негізінен учаскелік дәрігерлер. Кадрлардың ауысуы әртүрлі себептермен жүреді. Мысалы, жас маман-әйелдер отбасын құрып, декреттік демалысқа кетеді, тағы бірі басқа мамандықтарға қайта даярланып, бағытын өзгертеді, кейбір дәрігерлер әртүрлі жағдайларда басқа қалаларға, елдерге көшеді, осылайша дәрігер кадрларының жетіспеушілігі қалыптасады. Әрине, басты себептердің бірі – физикалық және психоэмоционалды жоғары жұмыс», - деді спикер.
Рүстемова медицина қызметкерлері үшін халықпен жұмыс істеу қиындай түскенін айтып өтті.
Спикер атап өткендей, Денсаулық сақтау басқармасы мамандарды жыл сайын жақын және алыс шетелдердің жетекші клиникаларында оқытады. Оған жергілікті бюджеттен жыл сайын шамамен 200 млн теңге бөлінеді.
Abai.kz