Армения: Путин, қайт үйіңе!
Кеше Армения астанасы Ереван қаласында елдің Кедендік одаққа қосылуына және Ресей Президенті В.Путиннің Арменияға сапарына қарсы бес жүз адам қатысқан шеру болып өтті.
Қолдарына «Путин, қайт», «Армения Путинге сатылмайды», «Кедендік одақ – Арменияны отарлаумен бірдей», «Stop Russia», «Орыстар – орысқа, Бізге - Армения» делінген ұран қағаздар ұстаған шерушілер Президент әкімшілігіне барып, Үкіметке кедендік одаққа қосылмау туралы хат тапсырған.
Ал, Путин Ереванға келмес бұрын, Армениядағы Ресейдің әскери базасына соққан. Сондай-ақ, Путин Армения және Ресей аймақтық форумында: «Бабаларымыздан қалған жақсы байланыстарды негізге ала отырып, Ресей Қапқаз елдерінен ешқашан кетпейді», деп мәлімдеген.
Қыркүйек айында Путинмен кездесуі кезінде Армиян президенті Серж Саргсян Кедендік одаққа қосылуға ниетті екенін айтқан. Шерушілер Армения президентінің бұл қадамын «сатқындық» деп бағалады.
Қазақстан да кедендік одақтың мүшесі. Кедендік одаққа кіру туралы Қазақстан билігі шешім қабылдаған тұста қоғам тарапынан қарсылықтар болған. Бірақ, қоғамның қарсылығы мен қоғам ойын жеткізуші сарапшылардың пікіріне құлақ аспаған билік одаққа кірді. Экономисттер Қазақстанға кедендік одақтың кесірі ғана тиіп жатқанын әр кез айтып келеді. Алайда билік райынан қайтар емес. Тіпті Ресеймен еуразиялық одақ құру мәселесін алға қойып отыр.

Қазақстан жерінде де Ресейдің бірнеше әскери полигоны бар. «Байқоңыр» ғарыш айлағы да Ресейге жалға берілген.
Abai.kz