Жұма, 20 Қыркүйек 2024
955 3 пікір 3 Сәуір, 2024 сағат 19:06

Биыл 7 және 9 мамырға арналған әскери шеру өткізілмейді

Сурет: eurasia.expert сайтынан алынды

2019 жылдан бері өткізілмей жүрген  әскери шерулер биыл да болмайды.  Бұл туралы Abai.kz хабарлайды.

Қорғаныс министрлігі биыл елімізде 7 және 9 мамырға арналған әскери шеру өткізілмейтіндігін жариялады. Мұндай шешімді қабылдаудың басты мақсаты  бюджетті үнемдеп, елдегі мәселелерді шешуге бағытталған.

Бұған дейін әскери шеру жыл сайын ұйымдастырылып келгендіктен қазақстандықтардың санасында жылда өтетін дәстүрлі іс-шара ретінде қалыптасып қалғаны анық.

Қорғаныс министрлігіндегілер «шеруді жыл сайын өткізу керек» деген регламент жоқ екенін алға тартты.

Айта кетейік, Қазақстанда. 2022 және 2023 жылдары шығынды үнемдеуге байланысты, ал 2021 және 2020 жылдары пандемия салдарынан ұйымдастырылмады.

Abai.kz

3 пікір