Жұма, 20 Қыркүйек 2024
Аласапыран 2280 32 пікір 5 Сәуір, 2024 сағат 16:44

Украинаның жойқын соққысы: Мурманскіден маза қашты...

Жақында Украина Қарулы күштері алғаш рет майдан шебінен 1300 шақырым қашықтықта орналасқан Татарстандағы қос нысанға қос бүйірден соққы жасады. «Алабұға» арнайы экономикалық аймағындағы ирандық үлгідегі «шахед» дрондарын құрастырушы зауытқа және Нижнекамскідегі мұнай өңдеу зауытына жасалған соққы туралы порталымызда егжей-тегжейлі жазған едік.

«BILD» сапшыларының пікірінше, Украина Қарулы күштерінің ендігі көздеп отырған нысаны – Ресейдің Мурманск облысындағы әскери базалар болуы мүмкін. Ақпарат үшін: Бұл базалардың майдан шебінен ұзақтығы – 2 мың шақырымға жуықтайды.

Ресей пропогандашылары Татарстанға жасалған соққыны сылтауратып, Орталық Азия, соның ішінде Қазақстанға қатара арандату жасауға қанша әлектенген еді. «Татарстандағы нысандар Украина шекарасынан 1300 шақырымға дейін ұзақ. Украина дрондары осынша жерді еш кедергісіз басып өтуі мүмкін емес. Ал Қазақстанның сотүстік-батысы Татарстаннан 500 ғана шақырымда орналасқан», - деген аргументтерді айтқан. Бұған ҚР Қорғаныс министрлігі дереу жауап беріп, айтылған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеген.

 

Ал сарапшылар Татарстандағы діттеген нысандарға Украина соққыны UJ-22 дейтін модификациялықған украиналық дрондармен жасағанын айтады.

«BILD» ақпараты бойынша, биыл Украина ұзақтығы 2000 км және одан да алыс нысандарға соққыларды үдете түспек. Өйткені, биыл Украина ҚК сапына 2,5 мың шақырым қашықтыққа дейін ұша алатын дрондар партия жеткізіледі деп күтілуде.

Ал киевтік «Луч» конструкторлық бюросы 3300 шақырымға дейін ұшатын «Сокол-3000» пилотсыз ұшағын әзірледі. Сарапшылар пікірінше, бұл дрондар дәл Мурманскідегі нысандарға соққы жасайтын болады. Ал онда 80-ге жуық әскери база орналасқан. Олардың қатарында Украинаны атқылап жатқан стратегиялық бомбалаушылар орналасқан «Бұғы» әуеайлағы да бар. Бұл базалар майдан шебінен 2000 км астам қашықтықта орналасқан.

Соңғы уақытта Украина ҚК стратегиялық авиация орналасқан ресейлік әскери объектілерді жою бойынша сәтті операциялар жүргізуде. Бүгін түнде украиналық ұшқыштар «Энгельс» әуежайына шабуыл жасады, онда Украина аумағын қанатты зымырандармен ату үшін пайдаланылатын Ту-95 және Ту-22 ауыр бомбалаушылар базасы орналасқан.

Сонымен қатар Ростов облысында орналасқан «Морозовскі» әуе айлағына дрондар шабуылы ұйымдастырылып, 6 дана Су-24, Су-24М, Су-34 бомбалаушы ұшақтарының көзі жойылды.

Abai.kz

32 пікір