Сенбі, 23 Қараша 2024
744 0 пікір 5 Сәуір, 2024 сағат 16:50

Ақтөбе: Зардап шеккендер бір жолғы төлем алады

Сурет: egemen.kz

Ақтөбе облысы әкімдігі су тасқынынан зардап шеккен және қиын жағдайға тап болған тұрғындар біржолғы төлем ала алатындығын хабарлады.

Гүлназ Сисенованың айтуынша, біржолғы төлемді алу үшін азаматтар тұрғылықты жері бойынша қалалық немесе аудандағы жұмыспен қамту бөлімдеріне хабарласуы қажет.

"Ақтөбе қаласы тұрғындары мен Әйтеке би ауданының тұрғындары үшін төлем сомасы – 300 мың теңге. Басқа аудандардың тұрғындары үшін – 100 АЕК (1 АЕК = 3 692 теңге) мөлшерінде. Төлем алуға келетіндер жұмыспен қамту бөліміне Штаб комиссиясының қорытындысы негізінде Төтенше жағдайлар департаментінен су тасқынынан зардап шеккенін растайтын анықтама алып келуі керек. Бөлім қызметкерлері барлық ақпаратты 8 жұмыс күні ішінде тексеред", – делінген әкімдік хабарламасында.

Ақпарат расталған жағлайда, өтініш беруші біржолғы төлемді 3 жұмыс күні ішінде алады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377