Түркістан облысындағы канал бөлігі қайта іске қосылды
Келес ауданындағы диқандардың су мәселесі шешілді. Осыған дейін ауданға қарасты Солтүстік Ташкент каналындағы тоспалы су құрылымында болған апат салдары толығымен жойылып, бүгін су қайта беріле бастады.
Қазақстан Республикасы аумағынан 19,2 шақырымы ағып өтетін СТК канал Өзбекстан Республикасы аумағынан бастау алады. Жалпы 2922 гектар егіндік жер сумен қамтылды.
Жүзімдік ауылдық округі аумағынан өтетін Солтүстік Ташкент каналындағы тоспалы су құрылымында (сарқырама) биыл 9 наурызда апатты жағдай болды. Жөндеу және құрылыс жұмыстары қолға алынды.
Өзбекстан Республикасының "Боз-су" ирригация мекемесімен бірлесіп, биылғы жылдың 31 наурызында құрылыс жұмыстары басталып, 2 сәуір күні толық аяқталған.
Жөндеу-құрылыс жұмыстарында құйылған бетон қаптамалары ағын су өткізуге 2024 жылдың 5 сәуір күні толық дайын болды. Шаруаларға су беріліп, мәселе шешілді.
Abai.kz