Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2390 0 пікір 9 Қараша, 2013 сағат 09:36

Күрішімнің айдынына паром оралды

Зайсанда көгілдір отынның қызуы көңілдерді жылытып жатқанда Ертістің бергі бетіндегі Күршім ауданында да күй күмбірлеп, ән әуелеп жатты. Тау бөктеріне жағалай тігілген ақшаңқан киіз үйлер, әдемі безендірілген сахна, кең жайылған дастархан, ошаққа асылған қазан мен буы бұрқыраған сары самауыр осының бәрі бұл күннің аудан жұртшылығы үшін қаншалықты маңызға ие екендігін паш етіп тұр. Мұндай сән-салтанатты мерекеге басты себеп – күрделі жөндеуден өтіп, толық жаңарған бұрынғы «Енисей», қазіргі «Күршім» паромының айдынға шығуы.

Зайсанда көгілдір отынның қызуы көңілдерді жылытып жатқанда Ертістің бергі бетіндегі Күршім ауданында да күй күмбірлеп, ән әуелеп жатты. Тау бөктеріне жағалай тігілген ақшаңқан киіз үйлер, әдемі безендірілген сахна, кең жайылған дастархан, ошаққа асылған қазан мен буы бұрқыраған сары самауыр осының бәрі бұл күннің аудан жұртшылығы үшін қаншалықты маңызға ие екендігін паш етіп тұр. Мұндай сән-салтанатты мерекеге басты себеп – күрделі жөндеуден өтіп, толық жаңарған бұрынғы «Енисей», қазіргі «Күршім» паромының айдынға шығуы.

– Күршім өңірінің тұрғындары үшін паромның қаншалықты өзекті екенін білемін. Сондықтан осы проблеманың оң шешім табуына барынша күш салдық. Паромды мемлекеттің меншігіне қайтарып берген Жанарбек Білімбаев деген азаматқа үлкен рақмет, сондай-ақ 80 млн теңге бөліп, қаржылай көмек көрсеткен араб ағайындарға алғысымыз шексіз. Олар берген ақшамен паромды банктен кепілдіктен алып, облыстық бюджеттен бөлінген 117 млн теңге ақшаға оны толықтай жөндеп шықтық. Бұйыртса бұл су көлігі сіздердің игіліктеріңізге қызмет ететін болады. Әрине, сіздер үшін ең үлкен мәселе ол – көпір салу. Қазір кәрістің бір компаниясымен тиісті жұмыстар атқарылып жатыр, бәрі дұрыс болса, алдағы уақытта көпірдің салынатын күні де келетін шығар, - деп «Күршімнің» күрделі жөндеуден кейігі салтанатты іске қосылу рәсімінде сөз сөйлеген облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ болашақта Зайсанның көгілдір газы бұл ауданға да жеткізілетінін мәлім етті.

«Күршім» дизельді паромы 1964 жылы Ресейдің Тюмень қаласында шығарылыпты. Ол бір ретте алпыстан астам жеңіл көлікті арғы жағалауға жеткізе алады. Жүк көтеру мүмкіндігі – 185 тонна. Енді арылы-берілі өтетін ағайындар бұрынғы секілді шағын баржаларға кіре алмай қалып, қырық пышақ болып қырқыспай, төбелеспей, ұрсыспай сыйымдылығы мол кемемен қауіпсіз қатынайтын болды.

– Бастан-аяқ жөнделді, барлық корпустық жұмыстар жүргізілді. Кеменің табаны ауыстырылып, электр қозғалтқышы жаңартылды. Алдымен тексеру амалдары жүргізіліп, паромның техникалық ақаулары анықталды. Негізгі жөндеу жұмыстарын биылғы наурыз айыннан бастағанбыз, қыс түспей бітіріп алғанымызға қуанып отырмыз. Ендігі шаруа екінші «Ертіс» паромын жөндеуді қолға алмақпыз, - дейді «Гидросталь» ЖШС-нің директоры Анатолий Синицин.
Сөздің реті келгенде айта кетуіміз керек, аталған екі паромды кезінде кәсіпкер азамат Жанарбек Білімбаев көлденең көк аттылар қағып кеткелі тұрғанда жерлестерінің жағдайын ойлап, қарызға белшесінен батып жүріп сатып алыпты. Кәсіпкердің сөзіне құлақ ассақ, 2004 жылы «Енисей» мен «Ертіс» саудаға тігіліпті. Сол кезде оған ресейлік қалталылар көз алартып, қызығушылық танытса керек. Өйтпегенде ше, мұндай паромның құны шамамен 10 млн доллардан асып түскен. Ал елу жылдан аспайтын уақыт ширегінде қызмет көрсеткен қос паромның саудаға шығарылуы орыстар үшін оңай олжа еді. Осыны түсінген және күршімдік ағайындарының келешегіне алаңдаған кәсіпкер банктен паромның өзін кепілдікке қойып тұрып несие алып, екеуін де сатып алады.

– Он жылдай қызмет көрсеткен соң екеуін де мемлекеттің иелігіне қайтарып бердім. Шынын айтсам, мұндай су көлігі Қазақстанда жоқ, оны тек Ресейдің Тюмень қаласында ғана шығарады. Ал оның жаңасының құны тым қымбат. Сондықтан «Енисей» мен «Ертісті» өз тарапымнан толық жөндеп, іске қосуға қаржым жеткіліксіз болғандықтан қарапайым халық қатынассыз қалмасын деген оймен мемлекет меншігіне тапсырдым, - дейді Жанарбек Білімбаев.
Күрделі жөндеуден шыққан алып техниканың жүрісін байқау үшін облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ бастаған құрметті қонақтар Күршім жақ жағалаудан екіншісіне қарай жүзіп өтті. Ертістің ерке толқындарын қақ жарып, айдында еркін көсіліп бара жатқан ақ кемеге сүйсіне қараған арғы беттегі ағайындар желтоқсанның ортасына дейін алаңсыз жүретін болдық деп қуанып тұрды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5506