Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2560 0 пікір 10 Қараша, 2013 сағат 05:28

«Дос-Нар» Өскеменнің жұрты үшін сапалы әрі арзан өнім ұсынады

Облыс орталығында сенбі сайын ұйымдастырылып келе жатқан ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі бұл жолы қала жұртшылығы үйренгендей, Металлургтер мәдениет сарайының алдында емес, Виноградов көшесіндегі «Дос-Нар» базарының алаңқайында өтті. Жәрмеңкеге облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ келіп, саудаланып жатқан өнімнің бағасымен және сапасымен танысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жәрмеңке белгілі бір ауданға тиесі-лі болмағандықтан, оған ниет білдірген кез келген өңірдің шаруа қожалықта-ры қатысуға мүмкіндік алды. Бұл жолы негізінен Зырян, Глубокое және Шемонайха аудандарының шаруалары ат терлетіп келіпті. Кәсіпкерлер жеткізген өнімнің басым бөлігі ет пен көкөніс екен. Әсіресе, бағасы қолжетімді картоп, сүт, бал және күнбағыс майы сатылатын дүңгіршектердің маңында кісі қарасы көп болды.

Жәрмеңкеге өз өнімдерін алып келген кәсіпкерлерге сауда орындары тегін ұсынылыпты. Енді олар өнімдерін ешбір делдалдың көмегіне жүгінбей-ақ, тікелей тұтынушының өзіне саудалай алмақ.

– Біз өнімін арзан бағамен өткізуге әкелген барлық ниет білдірушілерге сауда орнын тауып беруге тырысамыз. «Дос-Нарда» жәрмеңке осымен екінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Бірінші жолы кәсіпкерлерге 50 сауда нүктесін ұсынсақ, бүгін олардың санын 80-ге жеткіздік, – дейді Өскемен қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы Заманбек Серікпаев. – Өздеріңіз көріп тұрған-дай, мұнда негізінен облыс орталығы-на жақын орналасқан Глубокое, Зырян және Шемонайха аудандарының ауыл шаруашылық өнімдері ұсынылған. Болашақта одан өзге аудандар да шет қалмай, белсенді түрде қатысады деп үміттенеміз. Ешкімге ешқандай тосқауыл қоймаймыз. Тек өнімдерін саудалауға рұқсат беретін құжат-қағаздары дұрыс болса болғаны.

Ол сонымен қатар, келесі жылы бұл жерді төбесі жабық базарға айналдыру жоспарланғанын айтты. Бір сөзбен айтқанда, базарда саудалаушыларға да, сатып алушыларға да барлық жағдай жасалмақ.

Ал жәрмеңкеде тұтынушыларға ұсынылған өнімдердің бағасына келсек, бұл ретте де ерекше атап өтерлік жайттар бар. Мысалы, картоптың келі-сі 50-55 теңгеден, көкөністер 50-60 теңгеден саудаланып жатты. Балдың литрі бір мың теңгеден ұсынылса, шошқа етінің келісі 900 теңгеден, күнбағыс майы – 220, сарымай – 1300, ал ірімшік – 600 теңгеден сатылды.

– Мен жібек маталар комбинаты ықшамауданында тұрамын. Әр сенбі сайын өткізілетін жәрмеңкелерден қалған емеспін. Бүгін де «Дос-Нар» базарына арзан бағамен ет-сүт алуға келіп тұрмын. Қалай десе де, мұнда азық-түлік түрі мол екен. Қой, жылқы, сиыр, құс еті – бәрі біз сияқты зейнеткер адамдарға қолжетімді бағамен саудалануда. Осындай жәр-меңкені үзбей ұйымдастырып келе жатқан облыс пен қала басшыларына ерекше алғысымды айтқым келеді, – дейді Балтабай Жоламанов есімді ақсақал.

Расымен де, апта сайын өткізілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері күн сайын өсіп бара жатқан азық-түлік бағасын ауыздықтауға ерекше септігін тигізетіндей. Өйткені, бұл жәрмеңкелерде саудаланатын өнімдердің бағасы нарықтағы-дан 10-25 пайызға дейін төмен болып келеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502