Сенбі, 23 Қараша 2024
770 2 пікір 8 Сәуір, 2024 сағат 15:23

Су тасқынынан 76 мың адам құтқарылды

Сурет: ҚР ТЖМ

Елімідегі су тасқыны салдарынан қарғын судың астында қалған жеті облыста 3 745 жеке тұрғын үй, 421 аула аумағы су астында қалды. Бұл туралы Abai.kz хабарлайды.

ОКҚ брифингінде ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Сайпаш Ерасыл
су тасқыны кезеңінің басынан бері 75 982 адам құтқарылды, оның ішінде 18 681 бала екендігін хабарлады. Уақытша орналастыру пунктерінде 7 203 адам, оның ішінде 2 794 бала бар.

7 млн текше метрден астам еріген су тартылып, 993 мыңға жуық қап төселді.

"11 739 тұрғын үй мен 1 743 аула аумағынан су бұрылды. Авариялық-құтқару жұмыстарына 16 375 адам, 1600-ден астам техника, 377 су айдау құралы және 81 жүзу құралы, 15 әуе кемесі жұмылдырылды", – деді Сайпаш Ерасыл.

"Шайылған 105 автожол, көлік қатынасынсыз қалған 65 елді мекен бақылауда тұр. Республикалық жедел штабтың бақылауында Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары тұр", – деді спикер.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415