Жұма, 20 Қыркүйек 2024
1035 0 пікір 8 Сәуір, 2024 сағат 16:14

Алматыда 15 сәуірден бастап жылу өшіріледі

Фото: kursk-izvestia.ru

Алматыда орташа тәуліктік температура +8⁰ және одан жоғары болуына байланысты жылыту маусымы 15 сәуір күні аяқталады.

Бұл туралы, Алматы әкімі Ерболат Досаев өткізген жұмыс кеңесінде айиылды. Сондай-ақ алдағы 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымына дайындықты бастау мәселесі де қаралды.

Жылу 15 сәуірден бастап мынадай тәртіппен кезең-кезеңімен өшіріледі:

алдымен әкімшілік ғимараттар, оқу орындары, мәдениет объектілері және басқалар;

содан кейін тұрғын үйлер (тұрғын үйлер, жатақханалар, қонақ үйлер) және әлеуметтік нысандар (балалар, емдеу, мектеп мекемелері, кәсіптік мектептер, медициналық-әлеуметтік мекемелер).

Abai.kz

0 пікір