Су басқыны: 96 мыңнан астам адам эвакуацияланды
Қазақстанда су тасқыны салдарынан 96 мыңнан астам адам эвакуацияланды.
Бұл туралы ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Сайпаш Ерасыл мәлімдеді. Зардап шеккен өңірлерге 167 тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілді, 8,5 млн текше метрден астам еріген су сорылды.
Қазақстанның он ауданында ТЖ режимі сақталуда. Ел соңғы жылдары бұрын-соңды болмаған су тасқынына тап болды.
Abai.kz