ЛГБТ-ны насихатшылар қылмыстық жауапкершілікке тартылады
Мәжілісмендер ЛГБТ-ны насихаттаған азаматтарға жаза қолдануды ұсынды, бұл туралы Abai.kz хабарлайды.
Депутат Еділ Жаңбыршин мен Самат Мұсабаев Қылмыстық кодекстің 174- бабы, бірінші бөлігі, яғни "әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни алауыздықты қоздыру" дегенді "әлеуметтік алауыздықты, оның ішінде дәстүрлі емес жыныстық қатынастарды насихаттау арқылы қоздыру" сөздерімен толықтыруды ұсынады.
Бұл бап бойынша кінәлі деп танылған адамға 26 миллион теңгеге дейін айыппұл салынуы немесе екі жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Abai.kz