Сенбі, 23 Қараша 2024
937 0 пікір 12 Сәуір, 2024 сағат 14:10

Петропавлға көп мөлшерде су келе жатыр...

Сурет: Азаттық радиосы

Петропавлға көп мөлшерде су келе жатыр. Жергілікті жердегі жағдай қандай? Бұл туралы Азаттық радиосы жазды. 

Солтүстік Қазақстан облысында тасқынға байланысты жағдай ауыр деген ақпарат тарады. Өңірдегі 219 елді мекенге тасқын қаупі төніп тұр. Кейбір ауылдың электр желісін мұз қиып, жарық өшкен.

Есіл өзеніндегі Сергеев су қоймасы толып, өзен суы ери бастаған. Покровка ауылында шамамен 30 үйді су басып, екі жүзге жуық адам эвакуцияланды. Адамдар ең бағалы деген заттарын алып, туысқандарының үйін немесе жергілікті жатақханада ашылған эвакуация пунктін паналаған.

"Тасқынға қарсы жұмыс жүргізілген жоқ, әкім жұмыс істемеген. Біз тек су келе жатқанын білдік, бірақ ол жыл сайын тасиды, біз – петропавлдықтар оған үйреніп қалғанбыз. Бірақ кейіннен су мөлшері тым көп екенін, бөгеттен жоғары көтерілгенін естігенде халық асып-сасып қалды, сарыуайымға салына бастады" деді Покровка ауылының Надежда.

12 сәуірге қараған түні төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Покровка ауылында ішіне топырақ салынған 4750 қапшық төселді, оған қоса 150 тонна инертті материал төгіліп, 13,5 мың текше метр еріген су қайтарылды деп хабарлады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5478