Елімізде гуманитарлық көмек қабылдау жеңілдейді
НҚА порталында соңғы айда болып жатқан төтенгше жағдайларға қатысты, Қазақстанда гуманитарлық көмекті қабылдау және бөлі тәртібіне өзгерістер енгізілетіндігі жарияланды.
Бұл процесті үш күннен екі күнге дейін қысқартуға мүмкіндік береді.
Осыған дейін гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі өтініш түскен жағдайда оны арнайы комиссия қарап, өз ұсынысын Үкіметке жолдайтын. Енді бұл тізбектен комиссия қызметі алынып тасталады.
Сәйкесінше, Үкімет шешімді тікелей қабылдап, гуманитарлық көмекті қабыл етеді немесе одан бас тартады.
Abai.kz