Сенбі, 23 Қараша 2024
Су тасқыны: 840 0 пікір 17 Сәуір, 2024 сағат 16:46

Қостанай облысына үй салуға 405 млн теңге бөлінді

Сурет: ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі

Қанат Шарлапаев Қостанай облысында тұрғын үй құрылысының басталуын қадағалады. Бұл туралы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Президенттің су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі тұрғын үй жағдайын және әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту жөніндегі шараларды үйлестіру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Қостанай облысына барды.

Сапар барысында министр Арқалық қаласындағы жеке тұрғын үй құрылысы (ЖТҮҚ) үшін дайын инфрақұрылымы бар жер телімдерін аралады, сондай-ақ облыс әкімі Қ.Ақсақаловтың қатысуымен жұмыс тобының отырысын өткізді, онда әкімдіктің тұрғын үй құрылысын бастау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстары барысында пайда болған өзекті мәселелер талқыланған.

Облыс әкімдігі ұсынған ақпаратқа сәйкес, облыста 2 мыңнан астам дайын жер телімі болса, оның ішінде Қостанайда  1834, Арқалық қаласында 172 жер учаскесі бар.

Қанат Шарлапаевқа сараптаманың оң қорытындысымен ауданы 100 м2 тұрғын үйлер құрылысының әзірленген жобасы ұсынылды.

Сондай-ақ биылғы жылы су тасқынынан зардап шеккендерге шығынның орнын толтыру үшін ауданы 80 м2 құрайтын жеке тұрғын үйлер салу ұсынылып отыр.

Сонымен қатар, жақында ҚР Үкіметінің Қаулысымен Қостанай облысы Арқалық қаласының зардап шеккен тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету үшін төтенше жағдай резервінен қазірдің өзінде 405 млн теңге бөлінді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394