Сенбі, 23 Қараша 2024
1136 1 пікір 17 Сәуір, 2024 сағат 17:52

Су тасқынынан зардап шеккен Қостанайлықтар Арқалық қаласындағы пәтерлерге ие болды

Сурет: cntv.kz

Су тасқынынан зардап шеккен Қостанай облысының тұрғындары Арқалық қаласындағы пәтерлерге ие болды. Ал жергілікті билік оларға пәтер сатып алу үшін 317 миллион теңге төледі. Бұл туралы облыс әкімдігі хабарлады.

"Арқалық қаласының әкімдігінде қалаға көшуге және пәтер сатып алуға ниет білдірген Екідін және Қызылжұлдыз ауылдарының тұрғындарынан 24 өтініш келіп түсті. Бүгінгі таңда 24 пәтер сатып алуға шарттар жасалды, 16 сәуірде жалпы сомасы 317 миллион 183 мың теңгеге қаражат аударылды", – деп жазылған хабарламада.

Алғашқы тұрғындардың пәтерлерге келуі осы жылдың 17 сәуірінде басталды. Қалаға көшкісі келетін ауыл тұрғындарынан өтінімдерді қабылдау жалғасуда.

Abai.kz

 

 

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394