Сенбі, 23 Қараша 2024
1747 4 пікір 18 Сәуір, 2024 сағат 19:25

Мешіт имамы Қыдырминге тәртіптік шара қолданылып, ескерту жасалды

Сурет: ҚМДБ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Бишімбаевтың сотына қатысты мәлімдеме жасады. Онда ҚМДБ 2022 жылдың 17 қазанында Астана қаласындағы Республикалық бас мешітте Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенованың өз өтініші бойынша куәгерлердің қатысуымен болашақ ерлі-зайыптылардың некесі қиылғанын айтты.

"Аталған азаматтардан және олардың туыстарынан АХАТ бөліміне тіркелгенін растайтын куәлік талап етілгенде "жасалу үстінде" деп жауап берген. Сонымен қатар дәстүрге сай екі жақтың ата-аналарының батасы мен рұқсатын алғанын, салт-дәстүр жолымен некелерін қиып беруін өтінген. Аталған азаматтардан АХАТ бөліміне тіркелгенін растайтын куәлікті табанды түрде талап етпеген, яғни ҚМДБ-ның ішкі жұмыс тәртібін бұзған Республикалық бас мешіт имамы Қ.Қыдырминге тәртіптік шара қолданылып, ескерту жасалды", – делінген мәлімдемеде. 

Abai.kz

 

 

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373