Зардап шеккендерге гуманитарлық жүктерді тегін тасымалдауға болады
"ҚазАвтоЖол" хабарламасы бойынша су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық жүктерді ақылы жолдармен тегін тасымалдауға болады. Бұл туралы Abai.kz хабарлады.
24 сәуір мен 5 мамыр аралығында су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге арналған жеке және заңды тұлғалардың барлық гуманитарлық жүктері ақылы жолдармен тегін жүре алады.
Ол мүмкіндікті пайдалану үшін жүргізушілер 1403 телефоны арқылы өтініш қалдырып, оператор автокөліктің мемлекеттік тіркеу нөмірін және жоспарланған бағытты көрсетуі қажет.
Abai.kz