Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2402 0 пікір 15 Қыркүйек, 2009 сағат 08:41

Қазақстан мен Вьетнам энергетикалық саладағы ынтымақтастық туралы уағдаласты

Астана. 15 қырқүйек. ҚазТАГ – Дина Ермағанбетова. Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов пен Вьетнам үкіметінің басшысы Нгуен Тан Зунгтың сейсенбі күні өткен келіссөздерінің нәтижесі бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылды.

Соның ішінде, «ҚазМұнайГаз» ұлттық мұнай-газ компаниясы вьетнамдық «Петровьетнам» мұнай және газ корпорациясымен стратегиялық әріптестік туралы келісімге отырды. ҚР энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен Вьетнамның өнеркәсіп және сауда министрлігі энергетикалық саладағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Сонымен қатар, екі ел азаматтарының екі жаққа сапар шегуі және олардың уақытша еңбек қызметі туралы, өзара инвестицияларды ынталандыру және қорғау, білім саласындағы ынтымақтастық туралы, Қазақстан мен Вьетнам сауда-өнеркәсіп палаталарының әріптестігі туралы келісімдерге қол қойылды.

Келіссөздерден кейін өткен брифингте К. Мәсімов мәлім еткендей, екі жақты сауда-экономикалық қатынастарды дамыту үшін үлкен әлеует бар.      

«Дүниежүзілік банктің ақпараты бойынша, Вьетнам - әлемдегі қарқынды дамып келе жатқан экономикалардың бірі. Онда аса дамыған секторлар Қазақстанның экономикасын әртараптандыру бағдарламасын жақсы толықтырады», - деп атап көрсетті ол.

Оның айтуынша, Вьетнамның студенттеріне Қазақстанда және керісінше білім стипендияларын беру туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.

К. Мәсімов мәлімдегендей, Вьетнам Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі кеңестің толық құқылы мүшесі болуға ниетін және Қазақстанға Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығындағы төрағалығы кезінде қолдау көрсетуге әзірлігін білдірді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434