Жұма, 22 Қараша 2024
Абай.tv 11070 0 пікір 6 Мамыр, 2024 сағат 18:05

Павлодар облысының әкімі: «Отбасыма бөлетін уақыт жоқ»

Сурет: Jibek Joly телеарнасынан алынды

Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов Jibek Joly телеарнасындағы «Уәде» бағдарламасына сұхбат берді.

Сұхбат барысында ол отбасына қаншалықты уақыт бөлетінін айтты.

Асаин Байхановтың айтуынша әкімнің балаларының тәрбиесіне уақыты жетпейді. «Шынымды айтсам, мен жұмысқа кеткенде балаларым ұйықтап жатады, жұмыстан келген кезде де ұйықтап жатады. Жексенбі күні уақыт бөлуге тырысамын».

Журналистің «отбасыңызға жиі уақыт бөлмейтін болып тұрсыз ғой?», – деген сұрағына, облыс әкімі «Шынын айтсам солай» - деп жауап берді.

Айта кету керек, журналист бұл сұрақты Павлодар облысындағы Май ауданы әкімінің баласы оқушы қызды ұрып, мұрнын сындырған оқиға туралы әңгіме барысында қойды.

Сұхбаттың толық нұсқасына сілтеме:

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1455
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3218
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5263