Инвестициялық стратегиялық жобалар тізімі бекітілді
Астана. 15 қыркүйек. ҚазТАГ – ҚР үкіметінің қаулысымен инвестициялық стратегиялық жобалар тізімі бекітілді.
2003 жылғы ҚР «Инвестициялар туралы» заңының 1-ші бабының 15-ші тармақшасына сай ҚР үкіметі қаулы етеді: 1. Ұсынылып отырған инвестициялық жобалар тізімі бекітілсін», - делінген ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов 1-ші қыркүйекте қол қойып, сейсенбі күні ресми басылымдарда жарияланған қаулыда.
Тізімге 29 жоба енгізілген.
Астана. 15 қыркүйек. ҚазТАГ – ҚР үкіметінің қаулысымен инвестициялық стратегиялық жобалар тізімі бекітілді.
2003 жылғы ҚР «Инвестициялар туралы» заңының 1-ші бабының 15-ші тармақшасына сай ҚР үкіметі қаулы етеді: 1. Ұсынылып отырған инвестициялық жобалар тізімі бекітілсін», - делінген ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов 1-ші қыркүйекте қол қойып, сейсенбі күні ресми басылымдарда жарияланған қаулыда.
Тізімге 29 жоба енгізілген.
Олар – хлор мен каустикалық соданы мембрандық тәсілмен өндіру; Екібастұз МАЭС-2-ні кеңейтіп және қайта жөндеу; Екібастұз МАЭС-1-ді кеңейтіп және қайта жөндеу; Ақтау платмасса зауытында жол битумының өндірісін ұйымдастыру; металлургиялық қайта балқыту және инфрақұрылым нысандарын қамтитын металлургиялық кешен құрылысын салу; Атырау облысында алғашқы интегралданған газ-химия кешенін салу; Қазақстанда поликристалдық кремний өндіретін зауыт құрылысын салу; мұнай мен құрғақ жүктерді тасымалдау көлемін арттыру үшін Ақтау халықаралық теңіз сауда айлағын кеңейту; Балқаш ЖЭС-ін салу; «Шымбұлақ» тау-шаңғы демалыс кешенін дамыту; Бейнеу – Бозой – Ақбұлақ магистральды мұнай құбырын салу; Астанада локомотив құрастыратын зауыттың құрылысын салу; жүк тасымалдайтын вагон өндірісін ұйымдастыру; Тараз металлургиялық зауытында ферроқорытпа өндірісін кеңейту және жетілдіру; Мойнақ ГЭС-інің құрылысын салу; Ақшабұлақ кенішінде ГТЭС салу; Орал ГТЭС-ін салу; Қазақстанның ұлттық электр желілерін жетілдіру, 2-ші кезеңі; Атырау мұнай өңдеу зауытын қайта жөндеу және жетілдіру; Шымкент мұнай өңдеу зауытын қайта жөндеу және жетілдіру; Павлодар мұнай өңдеу зауытын қайта жөндеу және жетілдіру; калий тыңайтқыштарын өндіру; күкірт қышқылын өндіру; магистарльды Р65 түріндегі рельстерді шығару; сандық теледидарды жасақтау; Астана қаласында фармацевтикалық фабрика құрылысын салу; дәрі-дәрмектердің, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникалардың мемлекеттік медициналық органдар үшін дистрибуциясының біртұтас жүйесін жасау; локомотив паркін Астанадағы локомотив жинақтау зауыты шығаратын тепловоздармен жаңарту; Ақмола облысы Атбасар қаласындағы «Байтерек-А» акционерлік қоғам базасында электровоз шығаруды ұйымдастыру.
Үкімет қаулысы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.