Бейсенбі, 17 Қыркүйек 2026
Билік 2710 2 пікір 22 Мамыр, 2024 сағат 18:47

Тоқаев Вьетнамның жаңа сайланған президентін құттықтады

Сурет: Akorda.kz

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнамның жаңадан сайланған президенті То Ламға құттықтау жеделхатын жолдады. 

Мемлекет басшысы Вьетнам Президентінің алдағы барлық бастамасына табыс, ал достас вьетнам халқына бақ-береке тіледі.

"Сіз осы лауазымда қызмет еткен кезеңде ғажап еліңіз одан әрі гүлденіп, үйлесімді және орнықты қоғам құру жолында тұрақты дами беретініне сенімдімін. Қазақстан мен Вьетнамды өзара сенім мен ортақ мүддеге негізделген тығыз қарым-қатынастар байланыстырады. Елдеріміздің мүддесі жолындағы көпқырлы ықпалдастықты өркендету үшін жаңа мүмкіндіктерді Сізбен бірлесіп пайдалануға дайынмын", – деп жазылған жеделхатта.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1283
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2832
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 935
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 878