Сенбі, 23 Қараша 2024
1154 1 пікір 23 Мамыр, 2024 сағат 13:28

Микроқаржылық ұйымдардың несие пайызы төмендейді

Сурет: businessmir.kz

1,5 млн қазақстандық несиесін 90 күннен бері төлей алмай жүр. Осы және басқа да себептермен елімізде микроқаржылық ұйымдардың несие үстемеақысы төмендейтін болды. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов айтты, деп хабарлайды Abai.kz.

Ол мұндай жаңашылдық жаңа заңда көрсетілгенін атап өтті. Сондай-ақ заңдағы басты өзгерістердің бірі микроқаржылық ұйымдардың несие пайызына қатысты екенін айтты.

- Заң жобасындағы басты өзгерістердің бірі - Қазақстан территориясында берілетін несиелер оны банк, микроқаржылық ұйым немесе онлайн несиелеудің қайсысы берсе де, жылдық пайыздық мөлшерлемемен есептелетін болады. Бұған онлайн несие беретін ұйымдардың ерекше статусы болған еді. 50 АЕК-ге дейін қарыз беретін онлайн несие ұйымдары номиналды пайыздық мөлшерлеме қоюына болатын еді. Номиналды мөлшерлеме жылдық пайыздық мөлшерлемемен есептегеннен қарағанда жоғары процент қосылатын еді. Енді біз онлайн несиелендіруден осы статусын жойдық.

2024 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша тұтынушылық қарыздардың жалпы сомасы 14,2 трлн теңгені құрайды. Оның ішінде 90 күннен кешіктірілген несиелердің саны 1,6 трлн теңге, бұл 12 пайыз. Тұтынушылық несие алған қарыз алушылардың саны 8,4 млн адам. 1,5 млн адам несие төлемін 90 күннен кешіктірген, - деді Қизатов.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5395