Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
2245 1 пікір 23 Мамыр, 2024 сағат 14:38

Көктемде судың, жазда күннің астында қаламыз ба?

Сурет: kartin.papik.pro

Болжам бойынша биыл жаз өте ыстық болады. Бұл туралы Abai.kz хабарлайды.

Осыған сәйкес Қазақстанда барлық қызметтердің өрт сөндіру маусымына дайындығы қадағаланатын болады. Мұндай тапсырманы Бас прокурор Берік Асылов берді.

Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның жаз өте ыстық болады деген болжамына қатысты Асылов өзінің парақшасында хабарламамен бөлісті.

"Орман өрттерінің шығу ықтималдығы жоғары. Менің тапсырмам бойынша ықтимал тәуекелдерді азайту мақсатында облыс прокурорлары барлық қызметтердің өрт қаупі маусымына дайындығын сараптайды", – деді Асылов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, үкімет 2023-2027 жылдары орман шаруашылығы кәсіпорындарын материалдық-техникалық жарақтандыруды нығайтуға рекордтық 68 млрд теңге бөлген. Қазақстанның орман шаруашылығының балансындағы, оның ішінде өрт сөндіруге арналған техниканың әбден тозығы жеткен.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 992
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2541
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 698
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 669