Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2993 0 пікір 13 Желтоқсан, 2013 сағат 05:03

Талапбек Тынысбекұлы. Өзектегі у

Қарашоқы

 

Тамыздың желі бетіме өбетін,

Таң ата анам мосы керетін.

Бишігін әкем беліне алғанда,

Саркідір саулық мекіренетін,

Қоралы отар сосын өретін.

 

Шатқалда өскен шұғынығыңнан,

Шаттықтың шексіз сырын ұғынғам.

Суырлы сайдың самалы желпіп,

Сезбедім қырдың суығын ұрған.

 

Жылқылы жұртқа ұнағасынба?

Арсылдайды арлан түн арасында.

Тұсамысымен тықыршып тұрар,

Тұмарлы торым тұма басында.

 

Тылсымы сан мың таудың ұқтратын,

Ұларлар салған ән құнықтыратын.

Сарықымыз бөккен сабаның даусын,

Сабаудың үні жаңғырықтыратын.

 

Төрт түлік түгіл ғашық аңдар да.

Күреңше күлген жасыл аңғарға,

Қоснауа басын қорыс қылатын,

Бұғы бейбақтар ашылағанда.

 

Әр кезең сайын арлы ауыл қонған,

Асырған шыңы арманыңды айдан.

Жеңгелер алған бармағы балдан,

Сарыатан шөккен сарықарын майдан.

Айраның қайран, қаймағың қайран.

 

Тауын жыр етіп, тасн жыр етіп,

Әз жанын өтер ақын жүдетіп.

Шекілдеуікшіл шау қарғалардан,

Балқарағайдың басын күзетіп.

 

Қарашоқы

 

Тамыздың желі бетіме өбетін,

Таң ата анам мосы керетін.

Бишігін әкем беліне алғанда,

Саркідір саулық мекіренетін,

Қоралы отар сосын өретін.

 

Шатқалда өскен шұғынығыңнан,

Шаттықтың шексіз сырын ұғынғам.

Суырлы сайдың самалы желпіп,

Сезбедім қырдың суығын ұрған.

 

Жылқылы жұртқа ұнағасынба?

Арсылдайды арлан түн арасында.

Тұсамысымен тықыршып тұрар,

Тұмарлы торым тұма басында.

 

Тылсымы сан мың таудың ұқтратын,

Ұларлар салған ән құнықтыратын.

Сарықымыз бөккен сабаның даусын,

Сабаудың үні жаңғырықтыратын.

 

Төрт түлік түгіл ғашық аңдар да.

Күреңше күлген жасыл аңғарға,

Қоснауа басын қорыс қылатын,

Бұғы бейбақтар ашылағанда.

 

Әр кезең сайын арлы ауыл қонған,

Асырған шыңы арманыңды айдан.

Жеңгелер алған бармағы балдан,

Сарыатан шөккен сарықарын майдан.

Айраның қайран, қаймағың қайран.

 

Тауын жыр етіп, тасн жыр етіп,

Әз жанын өтер ақын жүдетіп.

Шекілдеуікшіл шау қарғалардан,

Балқарағайдың басын күзетіп.

 

Тобылғы бүрлеп келеді

Тобылғы бүрлеп келеді Төлдеуліктегі,

Тербеліп тегі тәйірдің көзді еліткені.

Өкініп тұрған кезмде есіме алған,

Кекілік қуған күндерім кезбелік пе еді?!

 

Күйбеңі болған төрт түлік күн көріс деген,

Өзгеше баққа жұрт едік үйреніспеген.

Жамырап жетер кешкілік көген басына,

Қозы-лақпенен қыратта бірге өрістегем.

 

Бал ғұмыр өткен ақшағыл жаңбыр аптаған,

Өзідей құшақ ашады қай жұмақ маған?!

Шоғырлы жұрттың шулатып аламрйнағын,

У тақым ұлды ұматпас тай құлақтаған.

 

Әкемнің жортқан жонында айтөбел кері,

Тұратын аңсап секілді әр төбе мені.

Жеңгелер барған бастаудан шоқыраңдатып,

Атамның атын суару мәртебе еді.

 

Атасыз жүрмін алақан айға көтермей,

Ертегі күннен не қалды айғақ етердей.

Құрық түспеген құлындай кекілді шағым,

Тобылғы сайда адасып қалған екен ғой.

 

Тағзым

Басқаға бодан пақыр емеспін,

Баспанам болған тыңдашы дала.

Жолдары тарам жатыр елестің,

Арманның алыс сұлбасы ғана.

 

Көрем мен елден керемет үлгі,

Өлеңмен өмір өрнегін өрген.

Кеудемнен мұңы неге кетеді,

Бабамның жауға кезеніп өлген.

 

Қорқам ба сірә, қамалым бар да,

Ортаңда жүрсем жүрек басылмай.

Болғаны менің жазарым ғана,

Ордалы елдің клеткасындай.

 

Сөздерім сіңсе зердеңе елім,

өз жөнім мүлде басқаша.

Көнбесін алыс көздеген ерің,

Көрінер шалыс баспаса.

 

Айтамын мүмкін ашынып әлі,

Қайтамын бір күн тірліктен.

Өзіңе елім осының бәрі,

Сөзімнен менің сыр күткен.

                                      24.01.2007 ж

Тілек

Жырақта туып ер жеткем,

Жылапта, талай селдеткем.

Самалы саумал Сарыарқам,

Санамда сені тербеткем.

 

Бақытым,

                барым,

                           байлығым,

Арманым, 

               арым,

                           айбыным.

Көк туым көкте желбіреп,

Жарқыра мәңгі ай,

                              күнім.

 

Тірегім - ана тілімде,

Жүрегім - ата дінімде.

Тілегім Алла жар болып,

Елдігім мәңгі бүлінбе!

 

Өзектегі у

         

Жасадым қоғамда мен ұлы,

Тасағып шындықты келгемін.

Мллиард масаның ызыңы,

Миымды улаған пендемін.

 

Қазағым– жыр-әнім,

                                ұраным,

Тұмарым-туған жер төсімде.

Жұртында ғұндардың жыладым,

Мәңгілік керуеннің көшінде.

 

Пір тұтып міскінге табынғам,

Үркітіп ойымнан Алланы.

«Ағажай-Алтайлап» аңырғам,

«Елім-ай» елімнің салғаны.

 

Бостандық ауасын аңсадым,

Жаратқан жолымды жалғадың.

Білмеймін шырқалар қанша әнім,

Арнадым өмірдің қалғанын.

 

Алашпен тамырлас тынысым,

Тарихым,

               тағдырым,

                                 тілім де.

Обалдан безінген туысым,

Оралман атайды бүгінде.

 

Таныдым тәңірім иемді

Маймылдан азбаған екенмін.

Есімім еншімде біл оны,

Бәріміз иесі мекеннің!

 

Кертолғау

Сөйлесем кетем көсіліп,

Керуенін ойдың көшіріп.

Кептелді сөзім көмейге,

Кектенді көзім кереңге,

Көкбөрі шабыт кешігіп.

Қайдасың, қолда киелім,

Ағытам ойдың тиегін,

Ақиқат айтам шешіліп.

Отаным ордам өз жерім,

Құт мекен іздеп келмедім,

Қорқыттың күйін кешіріп....

 

Көремін бақыт бағымды,

Беремін бойда барымды.

Қазақтың жері байлығым,

Азат бұл елім айбыным,

Асқақтай шырқа әнімді.

Тәңірім жалғыз көктегі,

Нұрыңмен қолдап өп мені,

Таптатпа жатқа арымды.

Кіндікті ұлмын, ерекпін,

Жөргекке сәби бөлеттің,

Сүйдірдің адал жарымды.

Тірегім тілім, дінімде,

Тексізге тартып бүлінбе,

Қайнатпа құрғыр қанымды.

Қолыма найза алдырма,

Тұлпарға тоқым салдырма,

Жолыңда қиям жанымды.

Отыңа жанған түспесем,

Ұлтым деп уды ішпесем,

Ит жесін сасық тәнімді.

Қиырда жүрген бауырлар,

Еліңді жалғыз табыңдар,

Шақырам жылап бәріңді.

Отардан жүріп оянғам,

Отауым менің өз ордаң,

Беремін бөліп нанымды.

Тозбасын десең бұрымдың,

Азбасын десең тұлымдың,

Бүгіннен жаса қамыңды.

                     

Атамекенді аңсау

Қазақстаным жұмақ мекенім,

Күрсінсем көзді бұлақты етемін.

Ақыл кіргелі айтар ұраным:

«Атамекенге бір-ақ кетемін!».

 

Жалғанда бағым дара құшатын,

Тұмары тұтқан сан арыс атын.

Қабаның қара қарғалары да,

Қазақстанға қарай ұшатын.

 

Тұрағым - Ертіс басы болатын,

Арнаңнан Алаш асын алатын.

Жерұйқ мекен жетуге саған,

Жеті Қабамда асыға ағатын.

 

Қымбаты сенсің қалайтынымның,

Тәтті әуенісің талай түнімнің.

Қарашоқының құзына шығып,

Күн салып күнде қарайтұғынмын.

 

Әніме қостым ақмаралыңды,

Аңсадым қанша ақ тамағыңды.

Безсем де кетем, сезсем де кетем,

Туған жеріме жат боларымды.

 

Желіңнің исін жел жеткізетін,

Сағыныш дертін емдеткізетін.

Күңіренемін, күйік емемін,

Күн боларма екен сенде өткізетін?!

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5439