Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3323 0 пікір 16 Желтоқсан, 2013 сағат 14:19

Нұрсұлтан Назарбаев: Енді біздің ел атқа қонады

Тәуелсіздік — тарихтың мәңгіге бөліп берген еншісі емес, халықтардың мамыра­жай өмір сүруіне берілген кепілдік те емес: аңғал болмағанымыз абзал.

***

Тәуекелі тұратындардың ғана қолы жетпесе, Тәуелсіздік бола ма? Азаппен, арпалыспен келмесе, Азаттық бола ма? Оңайлықпен келсе, оның қадірі бола ма? Қадірі жоқ нәрсе қолда ұзақ тұра ма?

***

Тәуелсіздіктің қайта оралғаны — біз­дің ата-бабаларымыздың санғасыр­лық азаттық күресінің заңды өтеуі. Жаратқан Иенің жасаған әділдігі. Ата-бабалары­мыздың осыншама байтақ жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалғанының арқасы.

***

Енді біздің ел атқа қонады: дүйім дүниенің қандай дүбірлі додасына да тайсалмай түсіп, кім-кіммен де жалтақсыз жарысатын болады. 

***

Басқаға жалтақтайтын күннен кеттік.

Бар байлығымызды өзімізге бұйыра­тын еттік.

Қоғамның саяси тұрақтылығы мен бірлігіне жеттік.

Қысқасы, егемен ел болудың ең ауыр белесінен өттік.

Қазақстанның тәуелсіздігі бейбіт жол­мен келді. Бұл — азаттық үшін алысқан мың-мыңдаған азаматтардың қасиетті қанының өтеуі. Бұл — бүкіл тарихында өзгелерге қиянат жасау дегенді білмеген халықтың пейілінің қайтарымы.

***

Тәуелсіздік Туын тігуге қаншалықты қажыр-қайрат керек болса, оны құлатпай сақтап қалуға соншалықты қажыр-қайрат керек.

***

Алдымызда асу-асу белдер бар, ұлт жолында ұйтқи соғар желдер бар. Бел де талар, жел де беттен қағар. Бәріне көну керек, бәріне төзу керек.

***

Аталарымыздың тар кезеңде табысып, бірлік-берекесін көрсеткен жақсылығымен қатар кеңшілікке шыққанда кесірлік танытып, ала болып ауыздағыларынан айырылып, өзара қырқысып кететін жаманшылығының қабат жүретіндігі де өзекті өртейді.

***

Біз ендігі жерде Ресеймен қарым-қатынасты Біріккен Ұлттар Ұйымының тең қатарлы мүшелері ретінде сенімді әріптестік жағдайында жалғастыратын боламыз.

***  

Біз тәуелсіздік алғаннан бері бірыңғай ізденіс үстінде келе жатқан елміз. Iзденіс үстінде дөп басу да, мүлт кету де бола береді. Ештеңе істемеген адам ғана қателеспеуі мүмкін.

***

Қандастарымызға қаратып айтар жайдың тағы бірі — тарихи Отанына оралған ағайын, ең алдымен,  «Қазақ­станым маған не береді?» деп емес, «Мен Қазақстаныма не беремін?» деп ой­ланғаны да дұрыс болар еді.

***

Халық кешпейтін бір-ақ нәрсе бар: елдің қолына зарықтырып келіп қонған бақыт құсынан — Тәуелсіздіктен айырылуды кешпейді.

***

Тәуелсіздіктің тар жол, тайғақ кешуінен, беттен қағар желінің есуінен тайсалмауға тиіспіз.

***

Толыққанды тілсіз  толыққанды ұлт болуы мүмкін емес.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5439