Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2304 0 пікір 16 Қыркүйек, 2009 сағат 08:42

Жүлденің тағдырын бір ауыз сөз шешті

Осымен үшінші мәрте ұйымдастырылып отырған Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы айтулы жүлдені табыстау рәсімі биылғы жылы қыркүйек айының 15-ші жұлдызында Алматыдағы Тянь-Шань қонақ үйінде өткізілді.
Қоғам мен заманның тыныс-тіршілігін тереңірек қаузап, қалың жұртшылыққа жан-жақты етіп жеткізе білетін журналистер қауымының еңбектерін бағалайтын бұл бәсекенің елдегі басқа тәуелсіз жүлделерден жөні бөлек. Бәйгеге тігелген сыйлығы да қомақты. Қатысушыларға қоятын талабы да зор. Сол себепті ме қайдам, бұл жолғы байқауға аса көп үміткер қатыспады. Мұндай деңгейі жоғары жүлденің салмағынан жүрексінді ме екен, әйтеуір қазақ тілді авторлардан бар-жоғы төрт-ақ адам сайысқа түсті. Ал орыс тілділер арасында жеті еңбектің иесі өз бақтарын сынап көруге бел буыпты. Додаға түскен барлық материалдарды сараптаудан өткізген комиссия мүшелерінің қорытындысы бойынша ақшалай сыйлықтың иегерлері анықталды. Қазақ тілді журналистер арасынан «Жас Алаш» газетінің тілшісі Жанболат Мамай жүлдегер деп танылса, орыс тілді мақалалардың майын тамызған саясаттанушы Досым Сәтпаев мырза озып шықты. Екеуінің әрқайсысына Айдос Сарым басқаратын «Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы қоғамдық қордың» қалтасынан 5 мың еуро көлемінде жүлде тапсырылды. 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5420