Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3690 0 пікір 19 Желтоқсан, 2013 сағат 05:26

Моңғолдар: «Қазақ қыздарын алдап қолға түсіріңдер де үйленіп алыңдар»

Баян-Өлгей қазақтарының ана тілінде сөйлеуі Моңғолия үкіметін алаңдата бастады. Оған Моңғолияның  білім және ғылым министрі  Л.Гантөмердің  елдің парламентінде айтқан сөзі куә.

Баян-Өлгей қазақтарының ана тілінде сөйлеуі Моңғолия үкіметін алаңдата бастады. Оған Моңғолияның  білім және ғылым министрі  Л.Гантөмердің  елдің парламентінде айтқан сөзі куә.

Бейсенбі күні  Моңғолия парламентінде білім және ғылым министрі  Л.Гантөмөр  депутаттардың сауалдарына жауап берді. Біздің ұғымдағы  «Үкімет сағаты» өтті. Сол отырыста  депутат Д.Лүндээжанцанның «Баян-Өлгей аймағында моңғол тілін оқыту деңгейі қандай? Сол аймақта жұмыс істеп жүргенімде жастар моңғолша түсінбей, аудармашы пайдаланатын. Қазір қалай?» деген сұрағына министр Л.Гантөмөр: «Баян-Өлгейде моңғол тілін оқыту өте  жаман. Аймақ басшылары  моңғол  тілін оқыту   мәселесіне  өте  немқұрайлы  қарайды. Моңғол тілін жоғары оқу орнына түскенде  үйреніп алады деген  пікірде. Мәселені шешу үшін Парламанттің (Улсын их хурал) жалпы отырысында, комитет отырыстарында айтып, көтеру керек. Министрлік тарапынан  бірқатар талпыныстар жасалғанымен,  нәтижесіз болды»  деп жауап берді. Сөйтіп,  моңғолдар Алтайдың Қобда бетін жайлаған  қазақтардың ана тілдерін сақтап қалуына кедергі жасамақ ниетте. Тіпті, интернет форумдарда  «Моңғолия қазақтарын ассимляцияға ұшыратып, халқаға  сіңіру керек», «қазақ қыздарын алдап қолға түсіріңдер де  үйленіп алыңдар», «қазақтар Баян-өлгейді Қазақстанға қоспақшы»   деп ұрандатып жатқандар да бар.

Жалпы, соңғы кездері  Моңғолиядағы  қазақтарға  қарсы кейбір саяси күштердің   арандату әрекеттері байқалып жүр. Биыл көктемде  ақпарат  құралдары Моңғолия қазақтарының ішінен  шыққан дипломат Сайран қажы Қадырұлын «Қазақстанның пайдасына   шпиондық  жасады» деп айыптаған болатын. (http://www.zhebe.com/index.php/lem/item/521-mo-oldar-sajran-kadyr-lyn-shpion-dep-zhatyr.html) Тіпті, Моңғолияның Барлау бас басқармасы  мамыр айында Сайран Қадырұлынан жауап алу үшін шақыртқан еді. Енді міне, Баян-өлгейлік  қазақтардың тіліне де қысым түсетін сияқты. Моңғолия  білім және ғылым  министрлігі  Баян-өлгейде моңғол тілінің кең қанат жаюуы үшін  депутаттардың қолдауын  сұрап  отыр. Сөйтіп, Моңғолиядағы қазақ диаспорасының  ана тіліне қысым жасай бастады. Күні ертең Парламент қолдайтын болса, Баян-өлгейде  қазақ тілінде білім беруге  шектеу де қойылуы мүмкін. Осылайша атажұртқа келгенімен 4 жылсыз азаматтық ала алмайтын күйге түскен шетелдегі ағайынның  тағы бір тобынының басына бұлт үйірілді. Сол қазақтарды қазақ етіп отырған тілге қысым көрсету басталды.  «Мұндағы халық моңғол тілін  білмейді, бастауыш мектепті де  моңғолша қылу керек!» дейтін ұсыныстар шықпасына, оны Моңғол  үкіметі жүзеге асырмасына  кім кепіл?!  Қысқасы, атажұртына барса да алдарынан «алтын заң» күтіп тұрғанын білді ме, әйтеуір ат төбеліндей  моңғолдың өзі  Қобда бетіндегі қазаққа азуын көрсете бастады.
 

P.S.

Өзге жұрт  мемлекеттік тілідерін барынша қастарлеп, қорғап-қолпаштап жатыр. Сол жолда  өзгеге ашық қысым жасауға да бар. Моңғолды да түсінуге болар бәлкім, ана тілдері үшін жанталасып жатқан шығар. Ал біз ше?

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5411