Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3296 0 пікір 21 Желтоқсан, 2013 сағат 10:14

Мақпалдың көз жасы жібере ме?..

2013 жылдың 20-ншы желтоқсанында Алматыдағы Республика сарайында «Жұлдыздар отбасы» мен «Аңыз адам» журналының (бас редакторы Жарылқап Қалыбай) он жылдық мерекесі атап өтілді. Қазақтың ерке қызы Мақпал Жүнісова, дарынды әнші Рамазан Стамғазиев, Жазира, Заттыбек, «Жігіттер тобы», т.б. белгілі өнер шеберлері концерт берді. Он жылқы, екі түйе, бір жеңіл автокөлік журналды жаздырып алушылар арасында ұтысқа түсті.

Белгілі саясаткерлер: Балташ Тұрсымбаев, Жармахан Тұяқбай және ғалымдар, жазушылар, қоғам қайраткерлері: Амалбек Тшан, Әшірбек Сығай, Кәдірбек Сегізбай, Жүсіпбек Қорғасбек, Жұмаш Көкбөрі, дарынды ақын қыз Асылзат, т.б. белгілі тұлғалардың бірқаншасы ұтыс ойынына қазылық етті. Жалпы алғанда, аталмыш журналдың он жылдығы жаман өткен жоқ.

Менің айтайын дегенім, қазақтың ерке қызы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жезтаңдай әнші, марқұм Заманбек Нұрқаділовтың орнында оның шаңырағының түтінін түтетіп отырған Мақпал Жүнісова сахнаға шығады деп хабарлағанда жұрттың қол соғысы, әншіге деген құрметі ерекше болды. Көрермендер Мақпалды залдан жібермей, екінші рет ән салғызды.  Мақпал қарындасымыздың  «Кешіріңдер, адамдар!» атты екінші орындаған әні көрермендерге қатты әсер етті. Ерке қызымыз бұл әнді жылап тұрып айтты десе де болады. Қарындастың Заманбек марқұмның бұрынғы серіктері: Балташ Тұрсымбаев, Жармахан Тұяқбай және осы жолдардың авторы Жұмаш Көкбөрі және т.б. азаматтар отырған жаққа қарап қойып, іштегі шері мен мұңын ақтарғандай, көкірегі қарс айрыла, екі көзінен аққан жасты жиі сүртіп, қатты қамыққандай болғаны, отырғандары қалың ойға қалдырды. Мақпал қарындас сахнадан кетерде залға қарап:

- Мені тек «31» арнадан ғана көресіздер,  - деген сөзі жүрегімізді дір еткізді.

Сонда қазақтың ерке қызы Мақпал Жүнісованы жылатып жүрген кімдер болды екен? Олар кім болса да,Мақпалдай әншінің көз жасы ондайларды жібермес...

Жұмаш Көкбөрі

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5408