Жұма, 27 Желтоқсан 2024
2000 25 пікір 7 Маусым, 2024 сағат 15:24

Ұлттың  саны  өспей, ұлық  елге  айналмаймыз

Сурет: flectone.ru

Бұл шындық. Еліміздегі   қазақ  тұрғындарының  саны,  көпшілікке  айналмай,  ел  билігі  әрдайым  республика  аумағындағы   этностарға  жалтақтап,  өзінің  ұлттық  саясатын   жүргізе  алмайтындығы  ақиқат.  Қасымыздағы  ұлттық  мемлекетке  әлдеқашан  айналған  елдер  секілді,  біз  олардай  еш  уақытта  бола  алмаймыз.  Егер  қазақтардың  санын  мемлекетімізде  еселеп,  көбейтпесек.  Құдайы  көршіміз,  өзбектердің  «Көп  күлкісі  күннен  де  ыстық» - дейтіні  содан.

Қазіргі  күндері  елімізде  саяси  реформалар  жасап,  шартарап  елдерінен  көптеп  инвестиция  тартып,  республика  тұрғындарының  әл – ауқатын  жақсарту  бағытында  айтарлықтай  жұмыстар  атқарылуда.  Дегенмен,  елімізге  аса  қажет ,  тағы  бір  өзекті  проблеманы  ұмытуға  болмайды.  Ол,  айналадағы  мемлекеттерде  шашырап  жүрген  қандастарымызды  елге  қайтару.  Бұлда  уақыт  күттірмейтін  үлкен  шаруа. Мемлекеттегі  еңбек  күшін  барынша  жақсарту   үшін,  жан- жақтан  мигранттарды  емес,  бізге  өзіміздің  қандастарымыз  аса  керек.  Мысалы: Өзбек  елінің  құрамындағы  Қарақалпақстанда  үш  жүз  елу  мыңдай  қазақ  бар  екен (дегенмен  біразы  келіп  алды – ау  деймін) .  Экологиялық  апаттың  аумағында  тұрған ,  азып  - тозған   бұл өңірден  неге  қандастарымызды  шақырып  алмаймыз? Соларды,  бала  туу көрсеткіші  мүлде  жоғалған,  еңбек  етуге  адам  табалмай  отырған,   солтүстік  облыстарға  орналастыруға  болары  еді  ғой.  Бұл  өлкелердегі  қаңырап,  бос  қалған  елдімекендер  жанданып,   мал  шаруашылығы  және  кәсіпкерлік   жаппай  дамыр  еді.

Жалпы,  халық  қалың  қоныстанған  Онтүстік  облыстарда  тоғыз  миллионға  жуық  адам  турады  екен.  Осылардың  тоқсан  тоғыз  пайызы  қазақтар.  Сол  секілді,  қазағы  көп  Батыс  облыстарда төрт  миллионнан  аса   адам  бар.  Оларда  негізінен қазақ  тілінде  қарым  - қатынас  жасайтын  жергілікті  тұрғындар.  Бұларға  қоса,  Абай    мен  Ұлытау  облысы,  бұрынғы  Торғай  өлкесі ,  Шығыс   Қазақстан  облысының   жартысынан  көбі , Орталық  Қазақстанның  Қарқаралы,  Ақтоғай,  Шет  аудандары   қазақ  тілді  орта  деуге  болады.  Тіпті,  бірнеше   миллиондық  Алматы, Шымкент  қалаларын   ішінара  болмаса,  толықтай  қазақы  шаһарлар  десек,  қателеспейміз.  Сонымен  қатар,  оңтүстік  аймақта  қоныс  тепкен  алты  жүз  мыңдай  өзбек  ағайындардың  өзі  қазақ  тілді  тұрғындар. Олар  орыс  тілін  керекте  қылмайды.   Сонда,  республика  көлеміндегі    қазақ  тілінде  қарым  -  қатынас  жасайтын   және  еңбек  ететін   тұрғындарымыз  он  алты  жарым  миллионнан  асып  жығылады  екен. Сондықтан, аса  қадірменді  билікке   айтарымыз!  Мемлекеттік  саясатты  және  істі  қазақ  тілінде  жүргізгендеріңіз  дұрыс  болары  еді.  Және  Министрлер  Кабинетінде   қазақ  тілінде  жұмыс  жүргізе  алатын,  тәжірибе   жинаған,  саяси  сауаты  жоғары,  жауапкершілігі  мықты,  еңбекқор  азаматтар мен  азаматшалардан  тағайындағаныңыз  орынды  дер  едік.  Сондай  -  ақ,  жуықта  қабылданған  «Ата  Жолы» - бағдарламасы, шынын  айтайық,   қандастарды  елге  тартуға  кемдік  етеді.  Бірен – саран  кәсіппен  айналысқан  шетелдегі  қазақтардың  ғана  пайдасына  шешілмесе.  Егер,  билік  осыған  сеніп  жүрсе,  еліміздегі  қазақ  жұрты қалай  көбейеді.  Кейбір  дамыған  шет  мемлекеттерінің  саясатына  бұл  оңтайлы  келгенімен,  бізге  мүлде  қисынсыз.  Қандастарды  елге  тартұдың  басқа  да  амалдарын  қарастыруымыз  жөн – ақ.

Жалпы,  Өзбекстанда  миллионнан  аса (мүмкін  оданда  көп)  қазақ  бар.  Соларды  өзбекке  сіңіп  кетпей  тұрғанда,  неге  қайтарып  алмаймыз?  Бұл  әлде,  күн  тәртібінде  жоқпа?  Сол  сияқты, Түркменстанда  да,  Туркияда  да,    басқа  да  елдердегі  қандастарды  қайтаратын  уақыт  әлде  қашан  жетті  ғой.  Тіпті,  Ауғанстан  мен  Пәкістандағы  шоғырланып,  күн  көріп  жатқан  қазақтарды  да  елімізге   қоныстандыру  керек.  Бұлар,  өткен  ғасырдағы  алапат  ашаршылық  кезінде  ауып  кеткендер.  Тіпті,  осы  екі  елдегі  қандастарымызды  елге  әкеліп,  арнайы  аудандарға  орналастырып,  бақылау  қоюға  болары  еді.  Кезінде,  Кеңес  Одағының  тұсында  немістерді  Қазақстанға  аударғанда,  осылай,  арнайы  аумақтарға  қоныстандырып,  бақылау  қойып  қойғанын  білеміз.  Кейіннен,  сол  неміс  этносы  қатарға  қосылып,  елімізге  көп  - көрім  еңбек  сіңірді.  Мұны  ұмытуға  болмайды.

Біздің  тағы  бір  пікіріміз,  мына  көрші  қарақалпақтарды,  шындығы  керек,  аты  Қарақалпақ  болғанымен,  олардың  құрамында  да  Қоңыраттар,  Қыпшақтар, Қатаған  және  Қият,   өзге  де  қазақтың  ру,  тайпалары  көптеп  кездеседі.  Тіпті,  қалың  десе де  болады.  Тілі де,  қазақ  тілінен  көп  айырмашылығы  жоқ.  Сол  секілді,  Ресейдің  Кавказ,  Астрахан  жағында  орналасқан  Ноғайлар  да,  бұрынғы  қазақтар.  Осыларды,  арнайы  бағдарлама  жасап,  егер  өздері  қазақ  болып  жазылғысы  келсе,  елге  шақырып,   солтүстік  және  шығыс  облыстарға  жібергенде,  қалай  болары  еді? Тек, бұлардың  өсіп  келе  жатқан  жастарын   арнайы  қазақ  мектептерінде  оқытса.  Қарап  отырсаң,  шартарап  елдері,  тіпті,  қасымыздағы  Өзбекстан  да  солай  етіп  жатыр  ғой.  Онда  тұрған  еш  оғаштық  жоқ.  Осы арада, мысал  келтіре  кетейін:

Ресейдің  жағдайы.

Қазіргі  күндері,  көрші  Ресейдің   Қиыр  шығысы  мен  тұтас  Сібір  аумағында  он  төрт – ақ   миллион  адам  тұрады.   Бұл  жақтағы  облыстардың  деревнялары  мен  аудандарында,  моно  қалаларында  адам  қалмады.  Құлазып,  қаңырап,  бос  тұр.  Ұлты  орыс  тұрғындарының   бәрі  қашып,  осы  елдің  еуропалық  бөлігіне  жиналып  алды.  Ресейдің  қатты  қорқып  отырғаны  да  осыдан.  Қасында,  шекарасы  мыңдаған  шақырымға  созылған,  бір  жарым  миллиардқа  таяу  жұрты   бар  Қытай  тұр.  Оларға,  шекара  сызығынан   бір  -  екі  қадам  аттап,  ішке  кіріп  кету,  көп  қыйындық  тудырмайды.  Ресей  билігі,  қаңырап ,  иен  қалған  осы  өлкелерге  жіберуге  адам  таппай  қиналуда.  Украинамен  арадағы  соғыстан  қашқандай,  Қиыр  шығыс  пен  Сібірге  баруға,  орта  жастағылар  мен   жастар  жағы  мүлде  бас тартуда.  Біздің  елде,   қайта  солтүстік  облыстарға  оңтүстіктен  барып  жатыр  ғой.  Бұларда,  олда    жоқ.  Орыс  әйелдері  кейінгі  он  жылдан  бері,  мүлде  бала  тумайтын  болды.  Туу  деңгейі  өте  төмен.  Тағы  ескертеріміз,  Поволжье  және  Орал  тауы  өңірлерінде ,  татар  мен  башқұрт,  шуваш  пен  мордва,  сондай – ақ, осы  араның орысын, тағы  басқаларын  қосқанда,   он  жеті  миллионға  жетер  - жетпес  ел  тұрады.   Бұларда  да,  еңбек  күші  жетпейді.  Ресейдің  еуропалық  бөлігінде  алпыс  миллионнан  сәл  ғана  асатын  тұрғын  бар.  Егер,  осылардың  бәрін  қосып,  есептесең,  жүз  қырық  екі  миллион  тұрмақ,  жүз  миллионға  жетпейді.  Орыс  билігі  осының  барлығын,  өте  құпия  түрде  жасырып  отыр – ау  деп  кейде  ойлаймыз.  Ресей,  осынау     орасан  үлкен  аумақтан   айырылып  қаламыз  ба  деп  қатты  үрейленуде.  Көршісі   Украинамен соғысуға  сарбаздары  таусылып  (техникасы  да),  аласұрып  жатқаны  да  содан.  Кремльдің  қазіргі  ұстанып  отырған  саясаты,  Қазақстан  мен  Өзбекстан,  Қырғыстан  және  Тәжік  пен  Түркмен  елдерін  алдап  түсіріп,   иелігіне  алып,  солардың  дүркіреп  өсіп  келе  жатқан  адам  ресурстарын  пайдаланбақ.  Егер,  шындап  қарайтын  болсақ,  Орталық  Азияның  халық  саны  мен,  Ресейдің  тұрғындары  теңесуге  жақын  қалды.  Сондықтан,  солтүстіктегі  көршіден  қорқып,  орынсыз  сескеніп  керегі  жоқ.  Өздері  айтып  жүргендей,  құрдымға  кетіп   бара  жатыр. Қазір,  олардың  экономикасы  да  біртіндеп  қирау  үстінде.

Дегенмен,  менің  айтарым,  Ресей  секілді  азып - тозып  кетпеу  үшін,  айналадағы  мемлекеттердегі  қандастарымызды  жинап  алу, елімізді  толық  қанды  қазақ  мемлекетіне  айналдыру,  сондай  -  ақ,  елдің  күш – қуатын  арттыру,   қазіргі  биліктің  күн  тәртібінен  түспеуі  қажет - ақ. Егер,  өздері  айтып  жүргендей    еститін  билік  пен  үкімет  болса.

Бейсенғазы  Ұлықбек

Қазақстан  Журналистер  Одағының  мүшесі

25 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2053