Сәрсенбі, 23 Сәуір 2025
Әне, көрдің бе? 1613 0 пікір 23 Желтоқсан, 2024 сағат 13:49

Қазақстан: Сирияда соғысқан екеу сотталды!

Сурет: ҚазТАГ сайтынан алынды.

Қазақстанда Сирияда соғысқан екі лаңкес сотталды. Бұл туралы ҚР  Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстанның екі азаматына қатысты тергеген қылмыстық істер бойынша сот процестері аяқталды. Олар 2020-2022 жылдары Сириядағы террористік ұйымдардың қатарында болған. Шетелдік серіктестермен бірлесе жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде олар шетелде анықталып, елге жеткізіліп, қамауға алынды», - делінген дүйсенбі күні таратқан хабарламада.

Олардың бірі Түркістан облысының тұрғыны – лаңкестік топтың әрекетіне қатысқаны үшін кінәлі деп танылса (ҚК-нің 257-бабы), екіншісі Атырау қаласының тұрғыны – осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотталды.

«Екі сотталушыға да жазасын өтеудің әртүрлі мерзімдері тағайындалды, үкімдер заңды күшіне енді», - деп толықтырды Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2160
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 5045
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4288