Жұма, 20 Қыркүйек 2024
1190 3 пікір 7 Маусым, 2024 сағат 17:48

ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ПЕРЗЕНТТЕРІНЕ ТАҒЗЫМ

Сурет: Арайлым Диханбай

Шара аясында қазақтың біртуар тұлғалары – Қаныш Сәтбаевтың қабіріне белгілі ғалымдар мен ғылым қайраткерлері, Мұхтар Әуезовтің қабіріне көрнекті ақын – жазушылар, Ахмет Жұбанов пен Шәкен Аймановтың қабіріне мәдениет және өнер саласының майталмандары гүл шоқтарын қойып, олардың рухына бағыштап құран оқыды.

Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының Төрағасы Мереке Құлкенов сөз сөйлеп, көрнекті жазушы Қалмұқан Исабаевтың «Қаныш аға осындай еді...» атты кітабының қайта басылып, оқырманға жол тартқан хабарын жұртқа сүйіншілеп жеткізді. Ғалымның жүріп өткен жолы мен еңбегі баяндалатын кітаптан үзінді оқылды.

Іс-шара әйгілі академикке арналған асқа жалғасып, кітаптың тұсаукесер рәсімі жасалды. Қонақтар естеліктерін айтып, ақындар Сәтбаевқа арнаған  өлеңдерін оқыды.

Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Уинстон Черчилль Қаныш Имантайұлынан «Қазақтартың бәрі  сіз сияқты ұзын бойлы, батыр тұлғалы ма?» -деп сұрапты. Сонда академик «О, жоқ, Черчилль мырза, қазақтардың ішіндегі ең кішісі мен, халқым менен де биік»,-деп жауап берген екен. Саналы ғұмырын ғылым мен білімге арнап, елі үшін аянбай еңбек еткен Қаныш Сәтбаевтың бізге қалдырған мол мұрасы ұлтымызға мәңгілік азық болары сөзсіз.

Жазушылар одағының ұйысдастыруымен тұңғыш рет әдебиет, ғылым, өнер саласының айтулы тұлғаларының басын қосқан бұл игі шара ұлыларға тағзым, ұрпаққа тағылым болады деп сенеміз.

Abai.kz

3 пікір