Сенбі, 23 Қараша 2024
Анық-қанығы 1838 4 пікір 20 Маусым, 2024 сағат 14:30

Мәдиевті министр еткен қайын атасы ма?

Сурет qaz365.kz сайтынан алынды

Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жасұлан Мәдиев билікке қалай келді? Оның Мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғановпен туыстық қарым-қатынасы жайлы әлеуметтік желідегі пікірлер қаншалықты рас?

Дәл осы сауалдар күні кеше ғана қазақстандық БАҚ кеңістігінде ызу-қызу талқы болып, бұл сауалдарға министр Мәдиевтің өзі жауап қатты. Сонымен, министр Мәдиев не дейді? Қараңыз:

Жасұлан Мәдиев бір кездері ҚР ҰҚК бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің қарамағында жұмыс істеген. Қазіргі министр. Кеше министр Мәдиевке журналистер тарапынан қойылған сұрақтар көп болды. Соның бірі – Сіз өзіңізді «Ескі Қазақстанның» шенеунігі деп санаймайсыз ба?» деген сұрақ. Бұған министр:  сұраған.

– Мен көп адаммен, соның ішінде сіз атаған адамдармен де, сондай-ақ, бұрынғы премьер Әлихан Смайыловпен,  оның алдындағы Асқар Маминмен де жұмыс істедім. Мен адал жұмыс істеуге әрі өмірлік ұстанымымды ұстана отырып, ешкімді ренжітпеуге тырыстым, - деп жауап берді.

Сондай-ақ, министр Жасұлан Мәдиев депутат Дүйсенбай Тұрғановтың қайын атасы екенін растады. Журналистер минтстр Мәдиевтен қызметке тағайындалуға депутат қайын атасының ықпалы бар-жоғын сұраған.

– Менің кандидатурамды бекітуге қатысқандардың барлығы заң аясында болды. Мен әрқайсысын бақылай алмаймын, кім қатысты, кімнің қатысы жоқ... Бұл комитетте [министрдің кандидатурасын бекітетін] ол [Тұрғанов] болған жоқ, - деді министрлік басшысы.

Депутатпен туыстық қатынас

Жаңа министрдің жұбайы Майра Тұрғанова Мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғановтың қызы.

Мәдиевтің мәжілісте цифрлық даму министрі лауазымына лайықты екені туралы шешімді Мәжіліс қабылдаған. Бұл үшін экономикалық реформа комитеті жауапты. Онда министрдің қайынатасы жоқ. Тұрғанов экология саласымен айналысады.

Дариға Асқар

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354